Бұл бастама туралы ҚР Президенті 2012 жылғы желтоқсан айында жария еткен «Қазақстан-2050» Стратегиясында да атап көрсеткен еді. Мұнда мемлекет басшысы «2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін» мәлімдеді. Сондай-ақ Елбасы 2025 жылға қарай іс қағаздары, мерзімді баспасөз, оқулықтар, бәрі латын әліпбиімен басып шығарыла бастауы тиістігін атап өтті.
Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, жастар үшін латын әліпбиін үйрену ешқандай қиындық туғызбайды. Ал Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев: «Жыл соңына қарай айтарлықтай шешім мен мәлімет болады», — деп хабарлады.
[totalpoll id=»23590″]
не кереги бар осы далбаса бизге тукке кереги жок кирилицаны билмейтиндер коп
+ қазақша болып қалғаны жөн қазаққа қазақша болғаны жөн қазақ қазақтығымен қазақ
ок
Latyn qaripine auysqan jon, tilimizdin nygayuna jaksy sebep. Qoldaimyn, mindetti tyrde auysu kerek.
Озің ауыса бер баскалар ушун жауап бермейак кой
қажеті жоқ деп ойлаймын.
мен қолдаймын, керісінше мүмкіншілігі өте көп. даму барысындада. өнімдерді шығарылым кезіндеде жеңілдіктер туғызады
Өнімің өтпей жатырма? Аудармашыға аудартта 4/5 тілде жаздыр.Әріп ауысқанда басқа халық түсінеді деп ойлайсың ба,ол әріп қой жай ғана мағына емес!!!
Латын алфавитіне өтуді мен қаламаймын,кириллицаның грамматикасын ата -аналарымызбен көзімізді ашқалы оқып үйрендік,соның өзі жетпей ма?
дұрыс айтасыз! мен сізбен келісемін. өзіміздің әп-әдемі әріптерімізді жаңғыртып басқаларға үйретудің орнына біз басқаларға еліктеп солардыкіндей жасауымыздың қажеті жоқ. оданда басқалар үйренсін біздің әріптерді. мұндай әріптер ешкімде жоқ: ә,і,ң,ғ,ү,ұ,қ,ө осындай әріптерімізді жоғалтсақ, онда қазақтың алфавиті қайда кетеді. латын әрпіне ауысуына мен де қарсымын!!!
Алдымен қазақ тілін жырғатып алмайсыздарма,екі әріптің басын қоса алмайтындар жетет сонда латын тілін неғылмақ?
Лиза латын тіліне емес латын әрпін қолдануға көшеміз, алдымен мәселені түсініп алып пікір білдіру керек қой
Менімше керек сияқты. Президентіміздің өзі қолдап отырғасын бір пайдасы бар шығар.
?
Біздін пікіріміз кімге керек олар ужы шешіп қоихан
Косыламын кереги жок кишкентай балдардын басын катырып
Қазақ тілі өз тіліміз. Ауысуының қажеті жоқ.
латын тіліне емес латын әрпін қолдануға көшеміз, алдымен мәселені түсініп алып пікір білдіру керек қой
Біртіндеп көшуге болады деп ойлаймын мүмкіндік мол
Керегі жоқ ауысудың
Өнімің өтпей жатырма? Аудармашыға аудартта 4/5 тілде жаздыр.Әріп ауысқанда басқа халық түсінеді деп ойлайсың ба,ол әріп қой жай ғана мағына емес!!!
ya men kelisemin
Біз жылдар бойы жиған құндылықтарымыздан айырыламыз
100%
Жоқ мен қарсымын!!!
Менімше өзіміздің қазақ тіліне не жетсін.озіміздің қазақ əріптеріне.латын тіліне өтіп қазақи құндылығымызды жоғалтып аламыз ба деп қорқамын.болашақта өсіп келе жатқан балаларымыз қазақ тілімізді яғни кирилица түрде жазылған қазақ əріптерімізді өмір бойы ұмытып кетеді.
өсіп келе жатқан балаларға кириллицадан гөрі латын әріптері ыңғайлы, өйткені олар ағылшын тілін 1-сыныптан үйренеді
Өз қазақ тілінен ешкім де бас тартып отырған жоқ. Неге мұқият оқымайсыз? Қаріпті ауыстырып жатыр. Біздің әріптер кириллица негізінде жасалған. Ал латын қарпініңі мүмкіндігі көп, және біз латын қарпін қолданғанбыз да.
керегі жоқ. Өзіміздің дауысты дыбыстарымызды көрген кезде алыста тұрып-ақ көзімізге оттай басылады ғой. латынға ауыссақ қазақ тілі басқа тілдерден мүлде ерекшеленбейді.Бұл бос шығын. Одан да суға кеткен жерлерді жөндеуге ақша бөліп,мұндай оқиға енді қайталанбайтынның амалын қарастырған жөн. Қазақ-деген сөздің өзі кириллицамен өте әдемі жазылып тұр емес пе??
Жақсы айттыңыз ?
осы пікірге үзілді кесілді келісемін.
Latın älipbyine köşw eki qolimen qoldaymin, qūldıq sanadan qutılw qadamnin biri!
Əліппе қалай енді жазылады латынша? Бірақта кәзір əліпби деп айтып жатыр.
Әрине қолдаймын!Елбасымыз жақсы таңдау жасады.
Латын алфабитіне өткеніміз жөн,болашақта барібір ағылшын тілін уйрену керек болад,соған қазірден дайындалғанымыз жөн.
КЕРЕК ЕМЕС дейтіндер! Тек өздеріңді ғана ойламай кеңірек қараңдар. Бұл елдің, ғылыми техниканың дамуы үшін, тілдің таза сақталуы үшін, БОЛАШАҚ үшін өте маңызды. Кириллицаны бізге күштеп енгізген жəне көптеген қателіктер бар. 42 əріп болса да 26-28 ғана дыбыс бар қазақ тілінде
Аусу керек көрші түрік тілдес ағайындар бари осы латын алфавит тин қолданады. Өздері ның тілдерін сақтап қалып отыр.
алдындағы жазып берген қазақшаны жаңадан тілі шыққан балаға ұқсап оқитын шенеутіктерден обал болатын болды-ау
Латын әліпбиіне ауысатын болса, барлық құнды қағаздар мен іс-қағаздар түгелі дерлік өзгеру керек. Біріншіден, елімізде жемқорлық көп. Екіншіден, жоғарғы үкіметке сенім жоқ. Үшіншіден, зардап шегетін жалакысы аз, паспанасы жок халық. Алфавиттен қорлық көрген, қазақ тілінде сөзге шорқақ адамдар үшін өзгерту ыңғайлырақ болып тұр. Өкініштісі осы.
Латтын арипине өту керек биз үшін де болашақ үшін де Қазақ қазақ болып қалу үшін тиімдісі осы! Түрік тілдес көршілес елдердің бәрі латын арипин қолданады ағайын.
мен Латын алфабитін қолдаймын
Оз тылымызды солиалма озге тылды калай солетбекшы казак тылды солеп алсын жастарымызды алыпе 42 арыпты жатап аламай латын тылды калай солетбекшы казак тылымызды солеп озге тылды калай соимыз казак казак калайда окысан казак осы зозды окыда ойланыздар казак! !!!
Ерж сен әуелі өзің қазақша дұрыстап жазып алшы пікіріңді, сұмдық қой мынау жазғаның бұлайша тілді аяққа таптайтын болсаң жазбай-ақ қой
Оз тылымызды солиалма озге тылды калай солетбекшы казак тылды солеп алсын жастарымызды алыпе 42 арыпты жатап аламай латын тылды калай солетбекшы казак тылымызды солеп озге тылды калай соимыз казак казак калайда окысан казак осы зозды окыда ойланыздар казак! !!!
Қолдаймын. Латынша әліпби дұрыс, ьъэюящцй дегеннен.
Menimshe ote jaksi oi. Negizi bizdin kazirgi alfavitimiz oris ultinin aripteri tek kana sogan arip kosip nakilagan. Biz oz alfavitimizdi ozgertu arkili oristarga taueldi emes ekenimizdi daleldeimiz barsha alemge. Sayasi turde oilanip korinizder bul ote duris sheshim.
Bul latin alfavitin kabildap tilimizdi ozgertim solai soileu emes tek jazuimiz ben is kagazdar men baspalar ozgeredi. Misali biz aleumettik jelilerde agilshin alfavitterin koldana otirip kazaksha jazip kazaksha okimiz goi. Dal solai latin alfavitin koldanamiz.
Ия, латин арипине откенсон киналатынымыз рас, биракта ертерек колга алатын болса, мысалыга латын арипи осы 2025 жылы латын арипине отемиз деп. латын арипин 2017 екинши жартысында халыкка кенинен таратса, ол бир.
Екинши окулыктар, газеттер, сканвордтар тестик режимде жарыкка шыгарып отырса, халыкка тегин таратса, ар басып шыгарган дуниенин кириспеминде, латын арипи коса шыгарылса, осы шаралар ертерек колга алынса еш кыйындык тудырмайды деп ойлаймын. бирак, осы бастан. 2017 жылдын 2 жартысынан бастаса еш кыйындыгы жок деп ойлаймын. Еееее Аман болшы «Qazaq halql»!
Мм
Латын əліпбиіне осыдан 25 жыл бұрын көшу керек еді.Қазір кештеу сияқты.не болмаса толық қазақ тіліне көшкеннен кейін ауысукерек. Бұл менің деке пікірім.
Ия! Кирилицада жұмыс жасау мүмкін емес. Ірі компьютерлік бағдарламада қазақ ғаріптері енбейді, осының зардабынан есептер, отчеттар тек орыс тілінде жіберіліп жатыр. Клавиатурада қазақша теру, орыс тіліне қарағанда ауырлау. exel жəне word _ол барлық компьютерлік программа емес, одан басқа бағдарламада қазақша кирилицада иероглиф болып жіберіледі. қашаңғы орыс тілінде айлық отчеттаржы тапсыра береміз, оданша латиницаға ауысып, отчеттарды қазақша тапсыруды үйренейік.
Мен өз басым толық қолдаймын. Мәселе қаржыда емес. Осы күнге дейін жұмасалатын қаржы жұмсалып келеді. жетпейтін бәрібір жетпейді. Бізге ең бастысы қазақ тілін сақтап қалу. Аққұлақтар неге шырылдап жатыр? бұл жәй емес. Олардың дәурені бітті.
Ескі кетпей жаңа келмес. Жаман кетпей жақсы келмес.
Tamasha!!!
Қажети жоқ деп ойлаймын.себебі қазір крезис қаншама қаржы жұмсалады жəне арттқа қайтадан шегінуге қажети қанша,қазақша əріптің несі ұңамайды Қазах елі.
Менімше латын алфавитнқолдану үшін де көп қаржыны талап етет.Сондықтан қажет емес.
lat’yn harpyne kyoshken dur’ys dep oilaimyn, sebeby kirillitsada qazaq tiline qat’ysy jok harypter kop.
Шегінуге жол жоқ, алға, керек еместен бұрын түркі халқының сұранысын да ойлаған жөн. Шетелдегі қандастарымыз біздің да басылымдарымызды оқып отырғысы келеді. Көркем шығармамызды оқығаны дұрыс. Әрине ертерек қолға алу керек едік бірақ ештен кеш жақсы. Мұқият зерделеп барлық дыбыстарды қамтитын, 33 дыбысты таңдау мәселесә ме әлде 31, 28, 26 осыған басымыздың дұрыс жұмыс жасауына көңіл бөлгеніміз дұрыс шығар.
иә дайындалуымыз қажет
Тек ағылшын болмасыншы
Латын ариптерине ауысканда сауатсыздар катары кобейеди деп неге ешким ойламайды. Окушылар,студенттер окып уйренетин шыгар,бирак жумыс истеп журген 40-50 жастагы, типти жогары билимди азаматтар жазу,оку сауаты жок сауатсыздар болып шыга келеди гой. Менин ата анам мугалимдер, казир зейнеткерлер,сонда олар оку сауатынан айырылып кала ма? Неге жауап тек окушылар мен студенттер туралы айтылады. 50 елдин катарына сауатсыз адамдармен кире аламыз ба,неге бир шешим кабылдар алдында терен ойланбаймыз, бул букил бир мемлекеттин халкынын тагдыры гой. Отиниш, жаксылап,терен ойланыныздаршы.
Латын әліпбиіне көші керек! Бұл реформа тәуелсіздігіміздің нығаюына себеп болады. Орыстар әлемінен бөлінуге нағыз керек зат. Ал кирилицадан айырылғысы келмейтіндерге айтарым: сендер әліде құлдық санадан арыла алмай жүрсіңдер! қорқақсыңдар!
мен қолдамаймын себебі қазақ тілі зорға сөйлеп зорға жазып жүргенде үш тілділік латын әліпбиі деп басымызды қатырып жібердіндер гой Қазақтығымыз қайда калып барады
Керегы жок латын арипинин негизи бурын ауысу керек еди латын арипи онай уйренгенге казип кеш керек емес Казакстан баска нарсесин дурыстап алсыншы
Алдымен біссіміллә деп өзіміздің ана тілімізді кей біреулеріміз жақсы меңгеріп алайық сосын көреміз. Тіл ешқай да қашпас. Өз тілімізді құрметтейік, өзге тілді білу қашпас
ия брак кыйын емеспа
репрессия құрбандары болған арыстарымыз армандаған еді осыны. қуана қолдаймын.
қоя тұрыңдаршы, керек емес
жоқ керек емес
ауысу. артқа шегерілу. Өзімізде барғой барлық әріптер. Оған қаржы құртқанша жылда су басып жатқан жерлерге су қоймалар салуға жұмсаған дұрыс деп ойлаймын
Менімше керек емес. бірінші қазақша дұрыстап сөйлеп алу керек
Орысшаны да коиып латынга шыкты ма кундердин кунинде казак екенимизди умытып кетпеик.
Мақұл делік. Мектеп оқулықтарын басып шығардық, ал мəдени, техникалық оқулықтар ше, ғылыми əдебиет… Қоғам дамуын тоқтатпау үшін 2025ж деінгі уақыт жеткілікті ме? Тағы да бір-екі ұрпақ (поколение) сауатсыз қалады ғой, не істеп жатырсыңдар өзі? Бір қазақтың басына 25 жыл бойы жасалған эсперимент жетпеді ме? Орыс ықпалынан тек осы арқылы алыстауымыз керек пе?
қажеті жоқ
Мүлде қолдамаймын.Біз қазақпыз, Қазақстанда тұрамыз неге латынша сөйлеуіміз керек? Қазірдің өзінде адамдар ағылшын тілін дұрыс түсіне бермейді.Ондайға мүлде келіскім келмейді.Қазақтар өзінің қазақ тілін ана тілін ұмытса не болады?
Мен қолдаймын латын əліпбиіне өтуді. Өзімізге жеңіл жəне құлдық санадан арылу деп есептеймін.
КУАДЫМА
Артык шыгын бул??????????⚠️?????барлыгын ауыстыру Керек латын арпимен жазатын мамандар дайындау Керек
Кирилица тақиаларына тар келсе араб әрпіне неге ауыспасқа кирилицаға дейін қазақ даласы араб әрпін қолданған соны неге қолдамасқа ағайын қазақ. латын әрпіиен кейбір қазақша сөздерді келтіру қиындау болады.Қазақ тілі өте бай тіл латын әрпіне ауысатын болса келешек ұрпағымыз тіл байлықтың жартысынан айырылатыны анық.
Ауыстырады, калай болғанда да… жоғарыда солай шешіліп қойды емес пе, біздің ойымыз ескерілуден қалғалы қашан… ауысқан сон,Өз балаларымызға сауатсыз ата-ана болып жүремиз…алайда, ресейдің ықпалынан алыстаймыз…ақпарат оқу қиынға соғады, себебі санамызға кирилица сіңіп калды…уайымдап жүргендердің қатарындамын…. өздерінің ойлаңыздаршы, барлық кітаптар, есеп-қисап, газет, журнал…бəрі өзгереді. Нəтижесінде, орысша түсініктірек деп шешемиз де, керісінше орыс тілінде нəрсе оқып, қазақ тілі мүлде қалмақ…
Latyn aripterine koshken zhon, Mysaly: smartfondar kobeimei turganda, qazaqsha sms zhazu qandai yngaily edi, al kiril aripteri bolsa kiyn etin. Zhalpy programistter tusinedi, Qazaq tili latyn aripine kosshe — qazaq tili duniezhuzilikagylshyn tilindegi bilim qoryna zholdy qysqartady, agylshyn tilin uirenu onai bolady.
Ауадай қажет. Кирилицаны санамыздан шығарып жіберуіміз керек
Kelisemin
Қолдаймын өйткені әлем бізді халық ретінде силап тану білу керек.
«Қазақ тілі» дамытамыз деп,енді латынның не қажеттігі бар???
Осы күніміз жақсы. Латын қарпі дұрыс па бұрыс па түсініп жатқанжоқпыз
Мен , мектепте оқығанда 1960 жылдары шет тілі ретінде НЕМІС тілінде оқыдым , маған латын әріпіне ауысу өте оңай . Мен , ЛАТЫН әріпіне Қазақстан Республикасының ауысуын қолдаймын . Алға ҚАЗАҚСТАН .
Мен қолдамаймын. Латын әриптерин үйрену бириншиден қиын екиншиден биз онсыз да кирилицаны қолдануды әдетке алдық.
Латын — біздің тіл жанашырларының дүмше молдалығы. Себебі, латиница мен кирилица грек алфавитінің екі тармағы, ал грек алфавиті финикиялықтардың әліпбиінен өрбиді. Араб пен иврит те содан тарайды. Нәтижесінде біз екі европалық әліпбидің бірінен екіншісіне ауысамыз.
Біздің тіл қалай өркендейді? 1) Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту керек, қазақ тілінің әлеуметтік базасын кеңейту керек — қазақ тілді бюрократия керек. 2) Термин қуушылықты қою керек — себебі, қайдағы жоқты әкеліп алады да, жүрміз енді «құқық, нарық» деп. 3) Ағылшындап жатыр жұрт. Ағылшынша-қазақша дұрыс сөздік, оқулықтар бар ма екен? Неге қытайша жоқ, арабша, парсыша, т.с.с? Осы тілдерге тікелей шыға алғанда ғана қазақ тілінің еңсесі тіктеле бастайды…
латын әліпбиі ғылымның білімнің қайнар көзі дер кезінде көтерілген келесі ұрпақтар өзіне қажеттіннің бәрін алады., әрі отарсыздану үдерісі жүреді.
латынға көшсек қаңқасы осал, буыны қатпаған қазақ тілі мен қазақтілді дүниелер шашылады да қалады. Ал сосын жиып көр бас-аяғын…
Қоралға — ғылымның қайнар көзінен нәр алдыратын латын емес, оқу, білім, еңбек. Әйтпесе латынша әріптерді бәрі де біледі. Латынша әріп білу озық ғылым-біліммен қауышу деген шатпақты айтпаңыз, ұят болады. Дүмше молдалықтан аулақ болыңыз…
маған шын айтсам, мағналырек қазақ тілі тұғырына қонғаны, толыққанда қазақтілді қазақстан болу, оыстілді мазақстан емес! Егер латын әріптерімен бірге солай болса, онда 100 пайыз!
Қызығы, поштаға жіберіп сауалнаманы, поштаны сұрағандарыңыз)
Қайта латын тіліне көшсек қана орыс тілінен құтыла аламыз. Ал басқаша мүмкіндік жоқ. Қазағымыз орыс мінезді шошқа болудан сақтасын. Бір жағынан ағылшын тілін еркін оқимыз. Олар біздің әдебиетімізді де оқуына мүмкіндік ашамыз. Рас оны ата-бабаларымыздан қалған. Бірақ қазақтарды орысша сөйлейді деп ойламаған шығар. Бастысы Мен ҚОЛДАЙМЫН!
Мен де қолдамаймын. Бірінші сыныптан бастап орыс тілін, ағылышын тілін ендіріп балалардың басын қатырып қойды. Қазақ алфавитінің 42 әрпін меңгерте алмай жатқанда, оған қосымша латын алфавитін ендірсе нағыз дүбара болады екенбіз.
Одан да ҚАРЖЫНЫ ЖАППАЙ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕУГЕ КӨШІріп, МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ МӘРТЕБЕСІН КӨТЕРСЕ.
Мен оған қарсымын. Онсыз да оқулықтарды босқа шығарып жатыр, енді бүкіл оқулықты латын қарпіне ауыстыратын болса, тағы да шығынға ұшырамаймыз ба? Соған кеткен ақшаны ракпен ауыратын балаларға жұмсаса, бұл бір біткен іс болар еді.
Латын шрифтісі қазақтың дыбыстарына аздық етеді. Сондықтан ұлыларымыз енгізіп кеткен қазақтың төл дыбыстарының таңбасы жойылып кетеді. Ол әріптер қажеттіліктен туындаған. Бабаларымыз еріккеннен енгізген жоқ. Мен арабтың да, латынның да шрифтісін меңгергенмін. Бірақ екеуінің де қазіргі қолданыстағы әліпбиден аясы тар, қазақ дыбысының санына жете алмайды.Ертең өкініп қалмайық.
қазақ тілі бар.ол ешқашан өлмейді,басқа тілдің қажеті жоқ,баламыздың басын қатырмаңдар!
Қолдаймын, және өте қажет. Бұл еліміздегі қазақ тілінің дамуына кедергі болып отырған орыс тілінің ықпалын өте төмендетеді, және бүкіл әлемде ғылыми еңбектер, әдеби шығармалар ағылшын тілінде яғни латын әріпінде кирилицаға қарағанда әлдеқайда өте көп, шығарылғаны да шығарылатыны да. Мында кейбіреулер қазақ тілін ауыстырады деп түсініп отырған сияқты, ол олай емес, тек әріпі ауыады. Бірақ ауыстырарда өте көп халыққа талқыға салып өту керек. Әйтпесе маған қазіргі түркі әлемі қабылдаған түрі ұнамайдығ одан кирилицада қалған тиімді. Өйткені оларда латын әріпінің жаңа түрлерін ойлап шығарған, олай болмайды, нақты бар 26 әріп аясынан шықпау керек.
Неғып референдумға шығармайды. Неғып халықтың пікірін ойламайды.
Біз қаласақ та, қаламасақ та ауыстырылады ғой. Шешіліп қойған нәрсеге пікір айтудың не қажеті бар?
Қазақ жазуын латыншаға көшіру көп жылдар бойы айтылып, әбден талқыланып, пысып жетілген мәселе еді. Ештен кеш жақсы дейміз! Бүгінде басталып кеткен ақпарат дәуірінде латынша жазудың беретін көптеген артықшылықтары талай рет баспа бетінде жазылғандықтан жұртшылыққа жақсы белгілі. Ал ең маңыздысы бұл шара рухани тәуелсіздігімізге тікелей әсер етері сөзсіз. Мысал ретінде Жапон жазу тарихын келтіруге болады!!!
Компьютер пернетақтасының QWERTY ауқымынан шықпай, барлық фонетикалық мәселе шешілуі қажет. Әйтпесе, латыншаға көшу өз мағнасынан айрылады. Екінші бір маңызды мәселе, ол емле ережесіне қатысты. Мысалға, ағылшын тәрізді архайкалық тілде сөздің жазылуы мен оның оқылуы екі бөлек. Сондай тілдегі кісі аты, қала, елді мекен т.т. атаулар қазақша латын әріпімен қалай жазылады? Сол ағылшындар жазған келбетті қабылдаймыз ба, жоқ әлде оның айтылуы, оқылуы бойынша жазамыз ба? Техникалық терминдер саласында талқылайтын мәселе бұдан да көп, үлкен бір мақала жазып шығуға болады. Оны қайда, қалай талқылаймыз?
Қазақ жазуын латыншаға көшіру көп жылдар бойы айтылып, әбден талқыланып, пысып жетілген мәселе еді. Ештен кеш жақсы дейміз! Бүгінде басталып кеткен ақпарат дәуірінде латынша жазудың беретін көптеген артықшылықтары талай рет баспа бетінде жазылғандықтан жұртшылыққа жақсы белгілі. Ал ең маңыздысы бұл шара рухани тәуелсіздігімізге тікелей әсер етері сөзсіз. Мысал ретінде Жапон жазу тарихын келтіруге болады!!!
Компьютер пернетақтасының QWERTY ауқымынан шықпай, барлық фонетикалық мәселе шешілуі қажет. Әйтпесе, латыншаға көшу өз мағнасынан айрылады. Екінші бір маңызды мәселе, ол емле ережесіне қатысты. Мысалға, ағылшын тәрізді архайкалық тілде сөздің жазылуы мен оның оқылуы екі бөлек. Сондай тілдегі кісі аты, қала, елді мекен т.т. атаулар қазақша латын әріпімен қалай жазылады? Сол ағылшындар жазған келбетті қабылдаймыз ба, жоқ әлде оның айтылуы, оқылуы бойынша жазамыз ба? Техникалық терминдер саласында талқылайтын мәселе бұдан да көп, үлкен бір мақала жазып шығуға болады. Оны қайда, қалай талқылаймыз?
Бос шығын. Оданда сол ақшаны кедей-кепшіктерге жаратса жақса болар еді.
Латын әрпіне ауысқан біз үшін тиімді, жаңартылған бағдарлама алға қарай кеңінен жүзеге асса, міндетті түрде болашақ білім алушылар үшін ағылшын тілін үйренуде жеңілірек болады, жас ұстаздар мені қолдар деген ойдамын.
құдай ағылшын және басқа да батыс тілдерін сендерден сақтапты. Әйтпесе, «жазылуы бұлай екен, айтылуы бұлай екен, бұл не деген сұмдық» деп, ақырзаманды үйіріп, ғасырлар бойы қалыптасқан дүниелерді балталар едіңдер…
Маған бәрібір, қазір көшеміз десе де мен 99,9% дайынмын (қалған 0,01 пайызы қайда десеңдер — қазақша дыбыстарды қалай таңбалайтынымыз әзірге нақты белгіленген жоқ), бірақ бұл керек пе, әлде керек емес пе, ол жағын ойлап бас қатырғым келмейді. Бірақ, негізі кириллицаның өзімен сауатты жаза білмейтіндер өте көп, тіпті тым көп!!! Ондайлар бұрын да болған, қазір де бар, келешекте де көбейген үстіне көбеймесе азаймайды. Бұл дәлелдеуді қажет ептпейтін АҚИҚАТ екеніне кәміл сенемін. Әліпбиді ауыстырған ештеңе емес қой, мектепте балаларды ағылшынша оқытуға көшеміз дегенді айтсаңдаршы! Қазірдің өзінде қазақ тілін білу-білмеу маңызды емес, ең бастысы ағылшын тілін білу болып барады. Осыдан 30-40 жыл бұрын «қазақша оқыған бала адам болмайды, орысша білмесең арам қатасың» деген қағида болған. Жарайды, ол уақытта Мәскеуге бағындық, ал енді қазір «ағылшын тілін білмесең күнің қараң» деуге мәжбүр боламыз. Ертең қазақ тілі мүлдем қараң қалады…
Айтпасыма болмады. Латын тілі деп неге лағады осы жұрт. Сауаттарыңның жеткен жері осы ма? Мәселе латын тілінде емес, латын әрпіне көшу туралы емес пе? Орыстың ықпалынан құтылу үшін барлық әрекетке барған жөн. Ал ешкім қазақ тілінен бас тартақалы отырған жоқ. Тіл мен алфавитті шатастырмаңыздар! Сайып келгенде қазіргі қазақ тілі орыс алфавитін пайдаланып отыр, кириллица денгеді орыс алфавиті деп ұғыныңыз. Кириллицадан саналы түрде бас тартып, латын алфавитіне көшуді өз басым ғасырлар бойы жалғасқан құлдық санадан арылып, орыстың ықпалынан құтылу, ұлтымыздың өзіндік болмысын сақтай отырып, саналы да парасатты, қазақи болмыстағы болашақ жас буын тәрбиелеу деп түсінем.
қазір латынға ауысқан күннің өзінде қазақ тілді кеңістік орыс тілді кеңістікке тәуелді болып қала береді, себебі, жалпы алғанда, қазақ тілді кеңістіктен басқа ірі тілді кеңістіктерге төте жол салынған жоқ (м.: ағылшын, қытай, т.с.с.). Орыс тіліне тәуелді болып отырып, латын әрпімен жазылған қазақ тілі химера/дүбәрә тіл болып шыға келеді. Тілдің қамын шынымен ойласаңыздар осы мәселелелерге неге көңіл бөлмейсіздер? Сосын, латын құлдық санадан айырады деген не шатпақ? Әрбірден кейін, не латын, қай латын? Elephantum ex muscas facis.
Ертең латынға ауысқан күннің өзінде қазақ тілді кеңістік орыс тілді кеңістікке тәуелді болып қала береді. Себебі, қазақ тілі әлі басқа ірі тілдік кеңістіктерге шыға алмай отыр. Орыс тіліне тәуелді болып отырып, латын әріпмен жазу қазақ тілін химера/дүбәрә етеді. Осыған неге көңіл бөлінбей отыр екен? Сосын латын әріп құлдық санадан айырады деген не шатпақ? Әрбірден кейін не латын, не латын? Бұның не сиқыры бар ма екен?
африка тлине отейк
орыстың 33 әрпі жетпейтін Қазақ тіліне латынның 26 қалай жеткізбек. Үтір, нүкте, құйрықша…. Онсыз да ң орнына н жазып, қ орнына к жазатындар жеткілікті.
Дұрыс
маған салса қазір-ақ ауысар едім. сөзсіз ауысу керек. кеш қалдық. бірақ әліде ерте! бастау керек. мен 100% қолдаймын. ешқандай қаржы, уақыт керек емес.
Қарсы емеспін, қайта керемет емес пе. Жоғары төмендегі қазақ тілін білмейтін сауатсыздар қаншама. Жақсы болар еді қайта.
Сәлем бәріңе Қазақстандықтар!Бұл сұраққа бас ауыртудың қажеті жоқ деп ойлаймын!Біз олай-бұлай дегенмен ештеңе өзгермесі анық.Жоғарғы жақ не десе сол болып келе жатқанын күні бүгінге дейін көріп келеміз ғой , қазақ халқының алфавитіне ғаламтор желісінде қаншама шетелдік азаматтар қызыға таң қалып отырады.Біз сол әлемді таң калдыратын әріптерімізді де бағаламауға кетіп барамыз!Қай ел ағылшын әрпіне таңдана қарап жатыр? Себебі ол әрбір керексіз дүниеде де басылып жатқан белгілер,біз сондай оңай жазылады деп оңайлыққа шауып құндылығымыздың бәрінен айырылып қалмасақ болғаны.Тіл деп едік қазақ тілін басқа ұлт өкілдері де тез қызығушылық пен жаттап алды емес пе меңгерді мысалы көп телеарна жүргізушілері басқа ұлттар анық сөйлей алады,ұятымыз болар? Керемет әліппеміздің тағдыры анау Сауат ашу деп қайдағы мен жайдағыны былықтырып баланың миын айран қылып жатыр! Әліппе, букварьды оқып өскендер ғой сол үкімет басында отырған азаматтар, қалай осыған жол беріп отырғанына таң қаламын.Ол бұрын зерттеліп,балаларга жасына қарай дәлелденіп арналды,оны өзгертіп жаңалық ашудың қажеті жоқ.Керемет әдемі әдебиетіміз бар, әдемі тіліміз бар, керемет әдемі тарихымыз бар, керемет әдемі әріптеріміз бар біз осы байлығымызды әлемге танытып ұсынудың орнына ?…Не үшін онда жеке куәліктерге тегімізді қазақша әріптермен жаздырды?Таң қаламын Қытай сиякты біреудің дүниесін көшірмей өзіңді өркендетсеңші!Одан да жаңа ұлттық эмблемасы бар осы Қазақстан Республикасының қойнауынан шыққан қазбаларды байлықты далаға тасымай сол байлық темірден бір отандық көлік темір тұлпар жасасаңшы,сол көлікке қазақ әріптерімен атын жазып мұнайды экспорттағанша орнына отандық көліктерді экспорттасаңшы! Қаңғып үйсіз жүргендер мен жұмыссыздықты ойласаңшы одан да басқа шаруа бітіп енді қалған сол әріп болғандай!Біз қарапайым халық айтамыз да қоямыз бізді кім тыңдасын!Жай айтсақ естімейді, қатты айтсақ шуладың деп заңга тартады! Агылшын әрпіне ауысу деген елге шығын, экономикалық өсуіне керісінше әсер.Мен келіспесем де жоғары жақ айтқан соң солай болу әбден мүмкін!
Орыстың қол астынан шығу деген сөзді айту өте үлкен ұят! Тәуелсіз елде тұрып қателеспейік азаматтар! Біз орыс алфавитімен қазақ әріптерін шатыстырмаған жөн!Егер әріппен қол астынан шығу деген түсініктерің болса сонда ағылшын әрпіне ауысып ағылшын қол астына кіргеніміз бе?
Біздің латын деушілердің көбі риясыз, білмей алданатын да, адасатын да сияқты. Бұған келіп ағылшынды тықпалайды. Көбіңіз ағылшыннан хабарыңыз болғаннан соң осы тілдің әлібиіне қаралықшы: біздің қазақы көзбен қарағанда бұл бір «сұмдық» алфавит, 26 әрпі дыбыстарының санына жетпейді, [s] дыбысын s, c әріптерімен, [k] дыбысын k, c, q, ch әріптерімен, [f] дыбысын f, ph (диаграф-дифтоң) әріптерімен беруге болады. Француздан не осы тіл арқылы келген сөздер сол күйінде қалған дағы, дыбыстауы бөлек: election [ɪˈlekʃn]. Сосын, дифтонг (расында — диаграф) дегендері бар. М.: ch ағылшынша ч, фр-ша ш, немісше х, итал-ша к болып оқылады. С-ның түрікше дж болып оқылатын білерсіз.
Сосын тех-қ терминдер ағ-ша, фр-ша, нем-ше әртүрлі жазылады. Әрбірден кейін жазуда британ мен американ варианттарының айырмашылықтары бар: labour — labor, etc.
Ағайын, сәл латындамай тұра тұршы, істің байыбына барып көрсеңізші… «Отарсыздану, халықаралық деңгейге шығу, ағылшын тілін үйрену» сияқты «уәждерді» естігенде ұяттан бет дуылдайды екен…
Римдіктерден Omnia mea mecum porto (Өзімдікі өзіммен — Всё свое ношу с собой) деген қанатты сөз қалыпты. Қолымызда бар мәдени дүниелерімізді бағалай білейік…
Әр ел өз тарихында әліпби мәселесімен ұшырасыпты. Ағылшындар да өзгертпек болған, тазармақ болған. Алайда бұның тарихи тұрғыдан қиын екен, әр сөз (қалай жазылса да) заман жәдігері екенін аңдады. Қытайдың өзінде иероглифті өзгертсек қалай болады деген сұрақтар болған. Қытайдағы қазақтар жиырма жылдай латында жүрді де, кейін төтеге қайта оралды. Түркітілдес елдердегі жағдайды білесіз. Индия тәуелсіздік алғаннан кейін араб-парсы сөздерінен тазарды, Түркия да сөйтіп жатыр… Сондықтан, қазақ «сабыр түбі сары алтынды» бекер айтапаған сияқты…
мин казакстанда тормыйм, казакча бiлмәйм. мин россиядә, татарстанда. бiздә дә латиницага күчмәкчеләр идi. шунга күрә миннiң фикрләрiм бар. мин латиницага нейтраль карыйм. әмма латин язуы дөрiс булырга тиiш. мисал өчiн төрiк тiлiндәгi I хәрiфi миңа ошамый, ул латин язуындагы Ii хәрiфi бiлән каршылыкка кiрә, буталчыклык чыгара. мiнә сiз википедиядәге латин язуын карагыз әлi. сез анга ризамы. тагын бр мисал : татар кириллицасында да, татар латиницасында да, iлiккi бакуда кабул итiлгән уртак латиницада да i авазы eE хәрiфi бiлән күрсәтiлә. бу да минга ошамый. хәзiргi казак кириллицасында ул хата юк. википедиядәгi латиницада и авазы ï хәрiфi белән күрсәтiлгән. бу дөрiс түгiл бугай. тагын, мiнә и авазы 2 төрлi булырга тиiш дип уйлыйм: бит һәм бит (китап битi һәм компьютер биты), кит һәм кит (кит балыгы һәм китү). ул сiзнiң кириллицада да юк, википедиядәге казак латиницасында да юк, татар кирилл һәм латин язуларында да ул юк. әмма ул кирәк, булырга тиiш.
К.Динар сен қазақсың ба Қазақша жазшы?!
Қазіргі қазақ тілінде и, ы, і әріптері бар. Әсіресе і әрпінің белгіленгеі жақсы болыпты . Себебі, түрік пен әз-н тілдерінде осындай дыбыс болса да, әріп жоқ. Сол сияқты түрік тілінде ә әрпі белгіленбеген (дыбыс бар). М.: түрік тілінде һәr деп жазудың орнына her дейді (бірақ һәр деп оқиды). Ал енді сіз жазған «бит» жөнінде. Қазақ тілінде кітаптың «беті» (парағы) бар, ал ағылшын тіліндегі «бит» (bit — мағынасы қоқым, түйір дегенге келеді) дегеніңіз, қазақша «біт» болып жазылуы керек. Қазіргі қазақ алфавиті дыбыстарды жақсы белгілеген. М.: қ, ғ, у, ұ (ұл), ү (үн). Бір қызығы қырғызша осында дыбыстар болса да белгіленбеген, татаршада қ әрпі жоқ (қ дыбыс бар болғанымен).
минем iлiккi комменттагы хаталар: «миңа» ны «минга» дип язасы идi, «википедиядәге» не «википедиядәгi» дип, «бр» не «бiр» дип.
«китап битi һәм компьютер биты», «кит балыгы һәм китү» дигән мисалларым — хата, чөнки казак телендә бу сүзләр башкача. башка мисаллар: «компьютер биты» һәм «бит басу, бит сығу»; «си тiлi» һәм «сию» — монысы бик яхшы мисал түгiл, чөнки бiрсi фигыль (глагол), бiрсi исiм (сущ-е), әмма, миннiң сүз фонетика турында, шунга күрә ярап тора…; башка мисал таба алмадым. ( ә татар тiлiндә андый мисаллар тагы бар: тир (мылтыктан ата торган җир һәм тирiдән чыга торган су) ).
«К.Динарға» га:
«Қазақ тілінде кітаптың “беті” (парағы) бар»
— рәхмәт, төзәттм.
«Әсіресе і әрпінің … *түрік пен әз-н тілдерінде осындай дыбыс болса да*, әріп жоқ»,
«түрік тілінде *ә* әрпі белгіленбеген (*дыбыс бар*)»
— бiлмим, бiрiнчi тапкыр ишiтәм, ышанмыйм, бу дөрiс түгiлдiр.
«ал ағылшын тіліндегі “бит” (bit …) дегеніңіз, **қазақша “біт” болып жазылуы керек**»
— ни өчiн «біт»?! бу дөрiс түгелдер. і — башка аваз бит ул.
«Қазіргі қазақ алфавиті дыбыстарды жақсы белгілеген. М.: қ, ғ, у, ұ (ұл), ү (үн)»
— хәзiргi казак кириллицасындагы «у» миңа бик ошамый. ул лучше и бiлән й парлашкан шикiллi, у бiлән ў булсын идi, ягъни, ў булсын идi: мисал: «ау құру» урынына «аў құрыў» булсын идi.
Бірнеше пікірлерді оқып көрдім. Басым көпшілігі не «қолдаймын», не «қолдамаймын» деп жауап жазған екен. Бірақ не үшін қолдап, не үшін қолдамайтыны белгісіз. Оларға бәрібір сияқты ма, қалай?… Кейбірі ғана не үшін қолдайтынын(қолдамайтынын) жазыпты, (тек осы сайтта емес, көптеген әлеуметтік желілерде де). Енді әркім өз пікірін білдіргені ғой.
Мен де өз ойымды қалдырайын.
Бұл бастаманы 80%-ға қолдаймын. Себебі қазақ әріптерін кирилицада өзіміз дұрыс қолданып та жүрген жоқпыз. Мойындау керек әлеуметтік желілерде, Whatsapp. Telegram. Twitter, Instagram желілерінде шындап келгенде қазақтың «қ,ә,і,ң,ғ,ү,ұ,ө,һ» деген әріптерін колданбай, орнына клавиатурадағы оңай терілетін «к,а,ы,т,н,г,у,о» әріптерімен алмастырып жазамыз. «Қалай жағдайың?» деп емес, «Калай жагдайын?» деп Мектеп оқушысынан бастап, Whatsapp-ты қолдана алатын аға-апаларға дейін. Рас қой? Өз басым мен де және маған жазатындардың ешқайсысы да таза қазақ тілінде, қазақша әріптерді қосып жазбайды. Ал сізге ше? Сіз ше? Ілуде біреу ғана ерінбей қазақша әріптерді теріп жазады. Тіпті осылай жазып үйреніп қалғанымыз соншалық, қолына қалам алып жазғанда да солай жазатындарды өз көзіммен көріп жүрмін. Ал енді латын алфавитіне ауысатын болсақ, қазақша жазу, қазақша әріптерді қолдану біршама реттелетін сияқты.
Және Қазақстан — тек кирилицаны қолданатын Ресей, Украина, Белоруссия мемлекетімен ғана қарым-қатынаста емес қой? Білім-ғылым дегеннің барлығы дерлік басқа мемлекеттерде. Европа, Солтүстік және Оңтүстік Америка мемлекеттерінде білім үйрену үшін, сол жердің тілін білу керек. Сондықтан латиницаға өтетін болсақ, келешек ұрпаққа тіл үйрену біршама жеңіл болар еді, және де Жер шарының басым бөлігі латиницада жазатынын ескерсек, өзге ұлт өкілдеріне қазақша үйрену, біздің өзге тілді үйренуімізге қарағанда жеңіл болар еді. Демекғ Қазақстанның туризм саласына да әресі болар деп сенемін.
Ал Ресейдің бодандығынан құтыламыз деген бос сөз сияқты. Себебі, 1991 жылдан бері Қазақстан —
Егеменді Ел. Ресейдің бодандығынан сол кезде босады. Алайда экономикамыздың басым бөлігі Ресей экономикасына да тәуелді болғандықтан, Ресейге әсер еткен өзгеріс Қазақстанға да әсер етеді. Ал қай тілде жазасың, қай тілде сөйлесің, қай алфатитті қолданасың: латиница ма, кирилица ма — оның түк қатысы жоқ. Тек көрші мемлекетпен тығыз байланыста болған соң, екі түрлі алфавитте ақпарат алмасу (жаңалық, БАҚ құралдары, құжаттар, екі ел арасындағы жасалаттын ірілі-ұсақты келісім шарттар т.б.) қиындау болады. Сондықтан, екі латиница мен кирилицаны қатар үйреніп жүрмесек болғаны.
Айта кетерлік жайт, алфавит ауыстырғаннан қазақ тілі жоқ болып кетпейді. Біз ағылшынша сөйлеп кетпеймыз. Қазақша жазып, қазақша сөйлейміз. Мысалы «Қазақстан» деген сөзді — «Qazaqstan» деп жазамын, оқығанда «Куазакустан», «Куазакстан», «Казакстан» деп емес, қазақшалап «Қазақстан» деп оқимыз және айтамыз. Осының ара жігін кейбіреу түсіне бермейді екен.
Енді 20 %-ға қолдамаймын. Себебі көп факторлар маған түсініксіз. Шешімі қалай болатынын білмеймін. Мысалға, жоғарыда айтқандай екі ел арасындағы келісім-шарттар, құжаттар жағы қалай толтырылады екен? Орыс тілінде — кирилицамен, қазақ тілінде — латиницамен ба? Біз қолданатын әлеуметтік желілер толығымен дерлік орыс тілінде, әрі кирилицамен, ол жағы қалай болады? Осыдан келіп латиницаны да, кирилицаны да үйренуге тура келмей ме? Егер олай болатын болса, латиницаға өткеннен не ұтамыз? Сонымен қатар, латиницаны енгізген соң (әрине бірден емес, бірнеше жылда) барлық әдебиеттер, оқулықтар, сайттар, жарнамалар, экспорт-импорттағы тауарлар (тауар сыртындағы құрамы, техникалық құжаты деген сияқты жазулар), мемлекеттік құжаттар — барлығын дерлік ауыстыру керек болады. Ал бұл дегенің қыруар шығын! Мемлекеттің осы өзгерістерді көтеруге бюджеті жете ме?. Ертең ауыртпалығы халыққа түсіп, орынды-орынсыз салық көбейіп кетпей ме? Осы іске жауапты адамдар — барлығын есепке алды ма, әлде бастамасын бастап алып, жемқорлық көбейіп ,кадрлар ауысып, ертең халық я кирилицаны қатырмай, я латиницаны қатырмай бықсып жатпаймыз ба? Осы факторлардың барлығы есепке алынып, кирилицадан латиницаға өткен мемлекеттердің тәжірибесіндегі қателіктерді ескеріп, соған жол бермей, нақты жоспар құрылып және сол жоспар тыңғылықты орындалатын болса — бір ғанибет!
P.S. Сөз соңында, маған қызық болып тұрғаны, кирилицадан латиницаға өту туралы құжаттар, бұйрықтар, іс-шаралар қай алфавитте дайындалады екен?))
Толық қолдаймын. Қорқатын ешьеңесі жоқ, 1941-жылға дейін Қазақстанда қолданған әліппе, түрік халықтарын бірігуінен қорқып, ажырату мақсатында кремльдің құйтырқы саясатымен кирилицаға енгізілген. Бір алфавитте болсақ, өзбек,түркмен, түрік, әзербайжан басқа да түрік тілдерінің негізі бір, орыстың таңдап жазған аудармасынсыз оқи алатын боламыз. Ортақ тіліміздің жақындауына да сеп болады. Екінші латын әліппесіне көшу, балалрымыздың халықаралық дәрежесі үлкен ағылшын тілін үйренін де жеңілдететіні сөзсіз.
1) Қазақ тілінде ә әрпі де дыбысы да бар. Ол ағылшынның [ә] дыбысына ұқсас. Бұндай әріп әз-н тілінде де бар. Ал түрік тілінде ә-ні е-мен жазады (яғни, дыбыс бар, бірақ әріп ретінде белгіленбеген).
2) Қазақ тілінде і деген әріп бар. Ол жіңішке ы, и-ға да ұқсайды. М.: іл, біл (короче, мягкий пустой звук). Ал ағылшынның bit сөзін транскрипцияласақ біт болады.
3) ал енді у, ұ, ү-ге келсек, у (яд), ұл (сын), үн (голос).
4) Айтапқшы татар тілінде де кейбір дыбыстар белгіленбеген: м: сізде [қ] дыбысы бар, бірақ белгіленбеген.
Ешқашан да дені дұрыс қазақ Қазақстанды [қазақстан] деп оқымаған. Оның оқылуы [қазағыстан], кейде сөйлем ішінде [ғазағыстан] болып кетеді. Жазу мен транскрипция екі бөлек. Жазу — сөздің мағынасын бейнелеу, транскрипция ссөздің айтылуын бейнелеу.
Әлеуметтік желіде “қ,ә,і,ң,ғ,ү,ұ,ө,һ” әріптерін қолданбағандар, құйрықты не ноқатты латынша аналогтарын қолданатынына сенімдісіз бе?
Ортақ латын алфавиті жоқ; әрқайсысы өз тілдік ерекшеліктеріне сай латынға тиісінше әріп қосқан. Қазіргі латынға көшкен ағайындардың да әліпбилері әртүрлі, себебі, әр тілдің өз фонетикасы, тиісінше өз әріптері болады. Сондықтан ортақ түрік әліпбиі жүзеге аспайтын жоба.
Латын әріптері ағылшын тілін үйренуді жеңілдетеді деген сын көтермейтін уәж.
Латиница мен кир-ца бір ағаштың екі бұтағы секілді — ауыстырғаннан еш пайда жоқ.
Әріп ауыстыру қазақ тілін кері сырғытады (15-20 ж).
Біліп алу керек латынға көшкен жұрттың не ұтқанын.
Қазақ тілді кеңістікте жалғыз донор кеңістік — орыс тілді кеңістік. Басқа тілді кеңістіктерге тікелей шыға алатын қазақ тілінің қазіргі кезде қауқары жоқ. Латынға ауысқан қазақ тілді журналистер, т.с.с. орыс тілді көздерге тәуелді болып қала берсе, онда латынға ауыстыру арқылы қазақ тілін дүбәрә/химера етеміз.
Менің ойымша, 1.қазақтың басы қосылса, мыжып, әр нәрсені бір айтып езіп кетеді, 2.латын әрпіне өтейін деп жатқан үкімет жоқ. бұл жай әңгіме. халқыма талқылап мыжыйтын ештеңе болмай қалып, маған келіп ақша қайда кетті сұрайды ма деген президентіміздің халқының жағдайын ойлауының бір тәсілі, 3. мәселе жайында ойымды сұрайтын болсаңдар, өту керек, 4.қайталап айтам, қазақтар, жақында орыстың астына қайта кіресіңдер, сондықтан артық нәрсеге бас қатыра бермей, көсемдерің қай тесікке кір тесікке кір десе, соған бақытты бетпен кіруге дайындалыңдар ))
Birinshiden latyn alfavitti qabyldap alsyn sosyn körermiz. Scandinavia elderinin(Norwegia, Shwetsia, Finnlandia) alfavitterin zerttep alsyn nemese Mazharstan(Hungaria) men Almania(Germania) alfavitterin. Öitkeni olardyn erekshe dybysty äripteri bizdin qazaq tilimizdegi erekshe dybysty äripterimizge säikes keledi. Bul tek menin qarapaiym pikirim. Sosyn qoldamaimyn degen azamattarga aitarym. Osy bizdin Qazaq respublikamyzda sizder referendum bolganyna bir ret bolsada küäger retinde körgensizbe? Mende körgen zhoqpyn. Sondyqtan sözdi köbeitpenizder. Basshy aittyma endi solai bolady. Elimizde democratia dep oilap zhürsizder me? Zhoq qatelesesiz.
To Chuck Norris сен елде əділдік жоқ деп тұрсың ғой. Елге тіл тигізбе, айылыңды жиа ғой…
«К.Динарға-2 07 мамыр 2017» га:
иңглиз тiлiндәгi bit казакча язганда бiт булмый. иңглиз тiлiндәгi bit та каты б, каты(калын) э, каты т. ә казак тiлiндәгi бiт тә йомшак б, йомшак(нiчкә) i, йомшак т. мисал өчiн форво сайтында кіріп (казакча) һәм bit (инглизчәсiн) сүзләрiн тыңлап карагыз. аннан башка, казак тiлiндәгi бит сүзi инглиз тiлiндәгiчә әйтiлми, ә урыс тiлiндәгiчә әйтiлә: каты б, каты(калын) и, каты т.
Ағайындар!
Өз тілін дұрыс оқып, дұрыс жазуға жеткізетін әліпбиіне көшу халқымыз үшін маңызды. Әсіресе Маңғыстаулық Ванов Қуанқан Рзаұлының жасаған әліпбиі көңілге өте қонымды.
Біріншіден, онда бас әріптердің болмауының өзі балаға жазуға үйренуді жеңілдетеді. Мысалы, қазақ тілінде 42 әріпте 42 бас әріп болатын болса, бала жазу үшін 84 таңба үйрену керек. бұл баланы шаршататын күрделі процесс. Және кейбір елдер мысалы, араб, грузин аліпбиінде бас әріп болмайды екен.
Колдаймын!
Латын әліппесіне көшуге ҚАРСЫМЫН!
Колдамаймын.Озимиздин уйренип калган ариптеримиз жаксы
мен колдаймын
Мен орта мектептерде 50 жыл қазақ тілі мен қазақ әдебиетінен дәріс берген ұстазбын.