Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда жаңа мереке күндері пайда болды

Қазақстанда жаңа мереке күндері пайда болды

Фото: inform.kz
Қазақстанда ресми түрде жаңа кәсіби мерекелер пайда болды. Тиісті бұйрықты еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жариялады.

Құжат бойынша, кәсіби мерекелер тізбесі толығады:

  • Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкер күні – 7 сәуір;
  • Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлері күні – 16 сәуір;
  • Метрология қызметкері күні – 20 мамыр;
  • Ветеринарлар күні – 10 шілде;
  • Аңшылық шаруашылығы қызметкерінің күні — қыркүйектің бірінші сенбісі;
  • Қазақстан Республикасы Жоғары білім қызметкерінің күні — 1 қазан;
  • Стандарттау қызметкері күні — 14 қазан;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының күні – 18 қараша.

Еске салайық, бұған дейін тізім әртүрлі сала қызметкерлеріне арналған 55 мерекеден тұратын. Кәсіби мерекелердің толық тізімін мына жерден таба аласыз.

Exit mobile version