Басты бет Жаңалықтар Алматы облысында жол апат салдарынан бес адам қаза болды

Алматы облысында жол апат салдарынан бес адам қаза болды

Иллюстрация: Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметі
Алматы-Өскемен тасжолының 55 шақырымында адам өліміне әкелген жол көлік апаты орын алды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Оқиға салдарынан бес адам қаза болды.

Nissan Primera жүргізушісі рульді басқара алмай, жолдан шығып кетіп, ағашқа соғылды. Жүргізуші мен төрт жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болды.

12 жастағы кәмілетке толмаған ұл бала Қонаев қаласының ауруханасына жеткізілді. Аталған факті бойынша қажет сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Exit mobile version