Басты бет Жаңалықтар 15 жастағы Заңғар Нұрланұлы Азия теннис федерациясы рейтиңін бастап тұр

15 жастағы Заңғар Нұрланұлы Азия теннис федерациясы рейтиңін бастап тұр

Заңғар Нұрланұлы. Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Азия теннис федерациясының 16 жасқа дейінгі жасөспірімдердің жаңарған рейтиңінде Заңғар Нұрланұлы бірінші орынға шықты. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Заңғар 15 жаста. Ол 2 610 ұпай жинаған. Мамыр айында Азия/Океания Juniors Davis Cup іріктеу кезеңінде Заңғар Қазақстан құрамасы сапында алты жеке ойын ойнады. Барлығында жеңіске жетті.

Рейтиң
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Жас теннисшінің қоржынында ITF Junior-дың төрт титулы бар: үшеуін жеке дара ойында, біреуін жұп ойында жеңіп алған.

Exit mobile version