Басты бет Жаңалықтар Оңтүстік Корея президенті Қазақстанға келеді

Оңтүстік Корея президенті Қазақстанға келеді

Photo credit: Akorda
Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен биылғы 11-13 маусым күндері Оңтүстік Корея Республикасының президенті Юн Сок Ёль Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Екі ел басшылары келіссөз жүргізеді және қазақ-корей бизнес-форумына қатысады деп жоспарланып отыр. Сапар аясында бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылады, — делінген хабарламада.

Exit mobile version