Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 444-449 теңгеден саудаланып жатыр.
Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 446,9-448,5теңгеден сатылып жатыр. Ал Астанада доллар бағамы 444-449 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің 4 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 447,08 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,01 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,95–5,03 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,92-5,02 теңгеден сатылып жатыр.