Басты бет Жаңалықтар «Жетісу» футбол клубының директоры қамауға алынды

«Жетісу» футбол клубының директоры қамауға алынды

Қалмұхамет Дөңсебаев. Фото: fk-jetisu.kz
«Жетісу» футбол клубының директоры Қалмұхамет Дөңсебаев қамауға алынды. Ақпаратты Жетісу облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық тергеу соты растады.

Сот шешімі бойынша, Д.-ға қатысты екі ай мерзімге қамауға алуды санкциялау туралы тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды, — делінген соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін БАҚ-та «Жетісу» футбол клубының директоры Қалмұхамет Дөңсебаевтың ұсталғаны туралы ақпарат жарияланған болатын. Ол ұрлық жасады деген күдікке ілінгені хабарланды.

Exit mobile version