Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 444-449 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 3 маусым ресми бағамы — 1 долларға 447,25 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы — 4,96 теңге.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 444-449 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 446,3-447,9 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,93-5,01 аралығында саудаланып жатыр.