Басты бет Жаңалықтар Елімізде Bloomberg телеарнасы мен кеңсесі ашылады

Елімізде Bloomberg телеарнасы мен кеңсесі ашылады

"Астанада Bloomberg телеарнасы мен кеңсесі пайда болады", - деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев АҚШ-қа іс сапары барысында Нью-Йорктің бұрынғы мэрлері Рудольф Джулиани мен Майкл Блумбергпен кездесті. Келіссөз барысында телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту саласындағы, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Кездесулердің маңызды нәтижесі Астанада «Bloomberg» телеарнасы мен кеңсесін ашу туралы уағдаластық болды.

Сондай-ақ, Бақытжан Сағынтаев «Chevron», «Citigroup», «WR Berkley Group», «GE Transportation», «OSI Systems», «Pfizer», «Cisco», «Robomatter Inc.»,  «IBM Watson» орталығы, «Autodesk», «Tesla Motors», «Bridge West Group», «Learn Capital», «Sound Hound», «Uber», «DFJ», «Silicon Valley Innovation Center», «Plug and Play Tech Center», «Google», «Jabil» және «Microsoft» өкілдерімен кездесті. IT-технология, машина жасау, энергетика, өндіру, химия, тағам және өңдеуші өнеркәсіп, телекоммуникация, келешек көлігі, құрылыс, білім беру, денсаулық сақтау және өмір сапасын жақсарту саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version