Басты бет Жаңалықтар Астанада «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына өтінім қабылдау басталды

Астанада «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына өтінім қабылдау басталды

Фото: Astanafm.kz
Астанада «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қалалық турына қатысу үшін өтінім қабылдау басталды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады. 

Конкурсқа қатысу үшін электрон нұсқада төмендегі құжаттарды тапсыру қажет:

  1. ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
  1. асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін — жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;
  2. неке қию туралы куәліктің көшірмесі;
  3. ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
  4. балаларды тәрбиелегені үшін мадақтаулардың, белгілі бір жетістіктері үшін алған мадақтаулардың бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
  5. заңды және (немесе) жеке тұлғалардың ұсыным хаттары (кемінде екеу);
  6. отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
  7. қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) (бар болса) қатысуды растайтын құжаттардың көшірмелері;
  8. дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім.

Конкурсқа қатысу үшін қажет құжаттарды (pdf форматында) 15 маусымға дейін mereyli.otbasy2024@mail.ru  элекрон поштасына жолдау қажет.

Қосымша ақпарат алу үшін: 8 701 111 13 46; 8 702 202 00 77; 8 7172 55 67 08; 8 7172 55 67 01 нөмірлеріне хабарласуға болады.

Exit mobile version