«Dala Classic» музыкалық агенттігінің бұл жолғы жаңа ерекше жобасы тыңдармандар үшін фортепианолық дуэттің бірегей әлемін ашады.
2024 жылғы 24 мамырда Франциядан шыққан керемет дуэт Людмила Берлинская мен Артур Ансель шығармашылығын көпшіліктің назарына ұсынады.
Музыка саласындағы тәуекел жаңалықтар, фортепианол әдебиеттің жарқын парақтары және шабытты шақты көрермендерге сыйға тартуға деген жомарт тілек бұл дуэттің ерекше қырлары. Людмила Берлинская мен Артур Ансель бір-бірінен ажырамайтын пианист-ізашарлар әрі құштарлыққа толы нағыз сахналық жұп.
Ең әйгілі әрі беделді журналдар бұл дуэт туралы «сенсациялық пианистер» (Fanfare), «қарапайымдылық пен сиқыр өлшемдерін сан қырынан бір уақытта бере білетін» (Le Monde) деп жазады, олар туралы «қандай нақты болса, соншалықты шебер» (Classica) және олардың «үндестігі бір пианистің ойнап жатқанындай әсер тудырады» (musicweb-international), «шебер ойнауы көз тойдырады» (fonoforum) деп сипаттайды. Пианистер «бүтін бір организмнің әсерін сыйлайды» (concertclassic.com).
Берлинская-Ансель дуэті — халықаралық сахнадағы ең атақты әрі маңызды фортепианол дуэттердің бірі.
Людмила Берлинская мен Артур Ансель әйгілі музыканттар әулетінен шыққан шеберлер, олардың әрқайсы солист ретінде мықты жол қалыптастырған. Сондықтан олардың дуэті бірін-бірі толық түсініп, үндесуге негізделген. Олардың екеуге ортақ сахналық қуаты сіңген концерттік бағдарламалары, олардың көрерменге әйгілі де ешкім күтпеген шығармаларды жеткізе білу қасиеті фортепианол дуэт сияқты музыка саласының ғажап форматын камералық музыканың өзге танымал формаларының жаңа, биік деңгейіне көтеру тілегінен шыққан.
Билетті мына сілтемені басып, сатып алуға болады.