Басты бет Жаңалықтар Доллар 445–450 теңгеден саудаланып жатыр

Доллар 445–450 теңгеден саудаланып жатыр

Фото: Тoday.kz
Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 445–450 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 447,05—448,68 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астанада доллар бағамы 445—450 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 19 сәуірдегі ресми бағамы — 1 долларға 447,40 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,76 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,70—4,80 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,65—4,78 теңгеден сатылып жатыр.

Exit mobile version