Басты бет Жаңалықтар Қазгидромет: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Қазгидромет: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 15 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Атмосфералық ағындардың өтуімен бұрынғысынша еліміздің көп бөлігінде күн жаңбырлы болады. Елдің оңтүстік-шығыс пен оңтүстіктің таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады, елдің солтүстігінде түнгі уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

ҚР бойынша найзағай ойнап, тұман түсіп, жел күшейеді, еліміздің оңтүстігінде дауыл болады.

Exit mobile version