Басты бет Жаңалықтар Алматыда екі балдық жер сілкінісі болды

Алматыда екі балдық жер сілкінісі болды

Фото: Depositphotos.com
Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы жер сілкінісін тіркеді.

Қазақстан аумағында сезілген жер сілкінісі Алматы уақытымен сағат 13.13-те болды. Зілзала ошағы – Алматының оңтүстік-шығысына қарай 273 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Афтершок. МSК-64 шкаласы бойынша Алматыда 2 балдық жер сілкінісі сезілген.

Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат жоқ.

Exit mobile version