Басты бет Жаңалықтар Су тасқынына байланысты 15 автожол жабылды

Су тасқынына байланысты 15 автожол жабылды

Фото: Кеген ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Республикалық маңызы бар 15 автомобиль жолында су тасқынына байланысты қозғалысқа шектеу қойылды. Бұл туралы “ҚазАвтоЖол” хабарлады.

Алты облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар, СҚО) республикалық маңызы бар 15 автомобиль жолында (ұзындығы 731 км) қозғалысқа шектеу қойылды, — делінген хабарламада.

2024 жылғы 9 сәуірдегі сағат 10.00-дегі мәлімет бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан (Атырау, СҚО, Атырау, Қостанай) сегіз жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 3 730 метр жолды су басқан.

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 475 бірлік техника мен 548 адам жұмыс істеп жатыр.

Exit mobile version