Басты бет Жаңалықтар Алматыда крокус гүлдеп жатыр

Алматыда крокус гүлдеп жатыр

Фото: Алматы әкімдігі
Алматы тұрғындары мен қала қонақтары крокус гүлдерінің жанында суретке түсу үшін Есентай өзенінің жағалауына жиналып жатыр.

Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, өткен жылдың күз мезгілінде 100 мыңнан астам көпжылдық гүлдер отырғызылған болатын. Биыл көктемде ақ, көк және күлгін түсті крокустар гүлдеді.

Крокустардың гүлденуімен Есентай өзенінің жағалауы түрлі түске боялды. Бұл гүлдер көктемнің хабаршылары, үміт пен қайта жаңғырудың символы. Қала тұрғындары мен қонақтары крокустарды тамашалауға келіп, ашық түсті гүлдердің фонында суретке түсіп, қуанышқа бөленіп жатыр, — делінген хабарламада.

Exit mobile version