ASUS ROG Zephyrus G16:
жайлы үйіңде сүйікті ойыныңды ойна!
ASUS ROG Zephyrus G16:
жайлы үйіңде сүйікті ойыныңды ойна!
Әр маманның таптырмас көмекшісі бар: жазушынікі - қалам, дәрігердікі - скальпель, әншінікі - микрофон. Ал ойын әлеміндегі киберспортшының сенімді серігі - оның ноутбугы. Әуесқой ойыншы Дархан Үшкемпір ASUS компаниясының ROG Zephyrus G16 ноутбугын бірнеше күн қолданып, оның функциясының ерекшелігін айтып берді.

"Ойын ойнағанда миың тынығып қалады"

Бала кезімнен компьютер ойнаймын. Ол кезде үлкен процессоры мен мониторы бар компьютер болатын. Кейін жаңа түрін алдық, бірақ жасөспірім кезімде көбіне компьютер клубына барып ойнайтынмын. Одан соң ноутбукқа көштік, дегенмен онымен ойнау ыңғайсыз, себебі ноутбукқа салмағы ауыр ойындар жүктелмейтін. Ал қазір ойынға арналған құралдар бар. Осылай, технологияның даму эволюциясын толық көрген буынның бірімін.

Компьютер ойындары күйбең тіршіліктегі проблемаңды бір сәтке ұмытуға, ми тынығуына көмектеседі. Кейде өмірде бірнеше шаруаны қатар ойлап жүруің керек, оны уайымдап шаршап қаласың. Осындай кезде компьютер клубына барсаң, басқа әлемге түскендей боласың. Онда ойынды жеңуден басқа ой жоқ. Кейбірі ішкі эмоциясын шығару үшін де компьютер ойынын ойнайды.

Қазір есейген соң, ойынға уақытты аз бөлемін. Десе де демалыс күндері достарыммен бірге компьютер клубына барып, үш-бес сағат ойнап қайтамыз.


Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Технология эстетикасы мен дизайны

Бұған дейін менде ASUS-тың Lamborghini деген ноутбугы болды. ROG сериясы туралы естуім бар. Бұрынғы құрылғымның сырт-әлпеті “Мен - ойын ноутбугымын” деп айқайлап тұратын: көлемі де, бөлшектері де үп-үлкен. Ал ROG Zephyrus G16 жип-жинақы екен. Әуелі маған түсі ұнады. Қара-сұр ерекше көрінеді екен (ноутбуктың ақ түсі де бар). Құрылғының корпусы толық металдан жасалған, мұндай ноутбуктар берік келеді. Ал берік затты ұзақ қолданатының анық.

Оған қоса жалпы ноутбуктың сырт көрінісі, дизайны қарапайым әрі заманауи етіп жасалыпты. Ноутбук экранының артындағы диагоналынан тұрған сызығы, оның жарқ-жұрқ еткені "минимализмге" сай етіп жасалыпты. Бұл компанияның технология саласындағы трендті бақылап отыратынын көрсетіп тұр. Ал ROG сериясының ерекше логотипі бірден көзге түседі.

Жарық диоды
Slash Lighting
деп аталады
Айтпақшы, экран артындағы жарқ-жұрқ еткен сызығының түсін ауыстыруға болады. Ноутбук иесі өзі талғамына қарай 15 түрлі анимация режимінің бірін таңдай алады. Бұл сызық ноутбукты өзге құрылғылардан айрықша етіп тұрады. Тіпті, иесі оны алыстан тани алады.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Жалпы сипаттамасы

Ноутбуктың салмағы — 1,85 келі. Оның үстіне, өзі де жұп-жұқа, қалыңдығы — 1,49 сантимер. Бір дорбамен жүретін адамның өзіне мұны тасып жүру ыңғайлы. Бөлменің ішінде де көп орын алмайды.
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Ойынды жақсы көретін адам ноутбуктың сыртын қарап шыққан соң не істейді? Әрине, бірден ноутбукқа ойын жүктейді. Сөйтіп, ROG Zephyrus G16-ға PUBG ойынын жазып алдық. Ноутбукқа ойын оп-оңай жүктелді, қатқан да жоқ, графикасы да жап-жақсы көрініп тұрды. Компанияның ноутбугына ең мықты процессор мен видеокартаны орнатқаны бірден байқалды. Қуатты процессор, видеокарта және жасанды интеллект - өте күшті комбо! Ноутбуктың бұл жағы бірін-бірі толықтырып.
Zephyrus G16 ноутбугының нейропроцессоры - Intel Core™ Ultra 9 185H. Видеокартасы - NVIDIA GeForce RTX 4090. Ол аз десеңіз, құрылғыға топ-11 өнімділігі бар жасанды интеллект алгоритмі енгізілген. Бірегей нейпроцессоры мен видеокартасы жасанды интеллект жұмысын жылдамдатады. Ал жасанды интеллектінің арқасында ноутбук иесі 3D графика жасайтын Omniverse және мәтінді суретке айналдыра алатын Stable Deiffusion сияқты платформаларды емін-еркін қолданады. Оған қоса 3D суретті, видеоны тез жасайды және сақтайды, құрылғы қуатын үнемді қолданады. Бұл шығармашыл мамандардың жұмысын одан әрі жеңілдетеді.

Бір сөзбен айтқанда, кез келген сүйікті ойыныңды ойна, шығармашылығыңды дамыт және жасанды интеллект әлеміндегі трендтен қалыс қалма!

Экраны

Экранының жақтауына орын аз қалдырып, дисплейін үлкен еткені ұнады. Жақтауының аз болғаны соншалық, үстіндегі камерасының бар-жоғы да білінбейді.

Досым DOTA ойынын ойнап көрді. Бұл ойынның кейіпкерлері анимациялық болғандықтан, онда қызыл-жасыл сияқты түрлі түс көп қолданылады. Осы ойынды ойнағанда ROG Zephyrus G16 ноутбугының түс гаммасының өте жоғары деңгейде екені байқалды.
Ноутбуктың дисплейі ROG Nebula. Ол OLED технологиясы негізінде жасалған. Негізгі үлкен дисплейі — 16 дюйм. Жиілігі 240 Гц. Жарығы - 500 кд/м2. Түс гаммасы 100% DCI-P3. Бейнені 2500К сапада көрсетеді. Ноутбуктың бұл сипаттамасы фотодағы, видеодағы бейнелерді анық, тұнық, қанық етіп көрсетуге мүмкіндік береді. Әсіресе, мультфильмнің тәп-тәтті кейіпкерлерін, Marvel-дің жарқ-жұрқ еткен батырларын, тіпті түрік сериалындағы сұлтандардың таспен көмкерілген киімдерінің әр бөлігін өте жоғары сапада көре аласыз. Ойын кезінде қараңғы бөлменің бір бұрышында тығылып тұрған жауыңызды да бірден байқап қоясыз. Өйткені дисплей бейненің әр бөлшегін анық көрсетеді.

Сонымен қатар Photoshop, Indesign сияқты құралдарды қолданатын контентмейкерлерге, дизайнерлерге, видеографтарға және тағы басқа шығармашыл мамандарға дәл осы ноутбук арқылы жұмыс істеген ыңғайлы болатынына күмәніміз жоқ.
Оған қоса ноутбуктың OLED-дисплейінің артықшылығын динамикаға толы ойындардан бірден байқауға болады. Себебі ойын эпизодтары, түстер, жарықтар лезде - 0,2 микросекундта ауысып отырады.

Оған қоса дисплейге OLED Care деген функция қосылған. Экранда ұзақ уақыт бойы жоғары контрасқа ие статикалық бейне тұрып қалса, ноутбук "шаршап" қалуы мүмкін, сол себепті мұндай жағдайда OLED Care функциясы 30 минут сайын ноутбуктағы пикселдер жаңарып отырады.

Ал ноубуктағы Dolbys Vision технологиясы видеоконтенттің сапасын сақтап отырып, өңдеуге мүмкіндік береді.
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Желдеткіші

ASUS Zephyrus G16 ноутбугының бірнеше ерекше тұсын байқадым.
Біріншіден, ноутбуққа Arc Flow екінші буынының желдеткіштері орнатылған. Жалпы екі желдеткіші және бір булану камерасы бар екен. Желдеткіштің көп әрі сапалы болғаны - ойын ноутбугы үшін маңызды фактор.

Екіншіден, көп құрылғының желдеткіші пернетақтаға жақын жерде орналасады да, қолыңа ыстық ауа келетін. Сөйтіп құрылғы да, қолың да қызып кетеді. Ал мұнда желдеткіш пернетақтаның жоғары жағында орналасқан. Меніңше, бұл - дұрыс шешім.

Үшіншіден, ноутбуктан ыстық ауаның бәрі сыртқа шығып, қалыпты температурасына келгенде, желдеткіш автомат түрде қатты дыбыс шығармайтын режим бойынша істей бастайды екен. Бұл жұмыс істеп отырған немесе фильм көріп отырған адамның ойын бөліп, кедергі келтірмейді деген сөз.

Төртіншіден, ноутбуктың булану камерасы радиаторына жылу жібермес бұрын аналық платаның көп бөлігін жақсы суытады.

Ноутбуктың радиаторы желдеткішке жақын орналасқан. Бұл құрылғының ішіндегі ыстық ауаның тез әрі бірден сыртқа шығуына мүмкіндік береді. ASUS ноутбуктың тез суып отыруы үшін процессорына сұйық металды қолданған. Бұл термопастаға қарағанда әлдеқайда тиімді, себебі сұйық металл құрылғыдағы ауаны 10 градусқа дейін суыта алады.

Құрылғыға жиылып қалатын шаң-тозаң желдеткіштің жұмысын бәсеңдетуі мүмкін. ASUS компаниясы мұны ескеріп, ноутбугына шаңды сорып алатын сүзгі орнатыпты.
Аудиожүйесі

Ноутбукты тестілегенде ән, музыка тыңдап үлгермедім. Дегенмен ойынның дыбыстары жарқын-жарқын шықты. Ноутбуктың сипаттамасын оқысам, аудиожүйесі өте жақсы сапада жасалған екен.

ROG Zephyrus G16-ның аудиожүйесінің алты динамигі бар. Сөйтіп, дыбыс құрылғының жан-жағынан шығып тұрады. Ойын ойнағанда дыбыстың әсерінен құдды сол әлемде жүргендей боласың, атмосфераны толық сезінесің.


Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Пернетақтасы мен тачпады

Пернетақтасы мен тачпады ыңғайлы. Екеуі де саусақты жақсы сезеді, қатты күшпен басудың қажеті жоқ. Кейбір ноутбуктың тачпадының қақ ортасы сызықпен бөлініп тұрады. Оны тінтуірдегідей оң-сол жақты ажырату үшін істейді. Ал мұнда ешқандай сызық жоқ: оң жағын бассаң басқа функция, сол жағын бассаң басқа функция істейді.
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Уеб-камерасы

ASUS ROG Zephyrus G16-ның кіп-кішкентай уеб-камерасы үлкен істі тындырады. Құрылғының Full HD уеб-камерасы да жасанды интеллект негізінде істейді: қолданушының бет-әлпетін тани алады. Уеб-камераның сапасы да жоғары. Емін-еркін мұхиттың арғы бетінде тұратын адамға бейнеқоңырау шалыңыз, стримге шығып, адамдармен араласыңыз, досыңызбен онлайн хабарласып, ойын да ойнаңыз.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Қуаттағышы

ASUS ROG Zephyrus G16-ның екі қуаттағышы бар. Үлкені тез қуаттайды, ал кішісінің жалғағышы TYPE-C екен. Екіншісі үлкен қуаттағышқа қарағанда асықпай қуаттайды, дегенмен жаныңда алып жүргенге, кішкентай сөмкеге салып қойғанға ыңғайлы.

Қуаттағыш батареясының сыйымдылығы - 90 Вт. Соның арқасында ноутбуктың қуаты ұзаққа - 11 сағатқа дейін жетеді. Сегіз сағаттық жұмыста сіздің қуатыңыз таусылса да, ROG Zephyrus G16 қуаты бітпейтіні анық. Ал құрылғының қуаты бітсе, оны қуаттағышы арқылы небәрі 30 минутта 0%-тен 50%-ке дейін толтырып аласыз.
Айтпақшы, ASUS ROG Zephyrus G16-ыға дәл келетін қап, тінтуір іздеп әуре болмайсыз. Ноутбуктың өзінің ROG Impact деген тінтуірі, дизайны ерекше қабы бар, соны алуыңызға болады.

ASUS ROG Zephyrus G16-ны қолданып, мынадай артықшылықтарын айтып өтейік:

  • Дизайны ерекше
  • Шағын әрі жұқа
  • Түс гаммасы ауқымды: түрлі-түсті бейнені анық әрі қанық етіп көрсетеді
  • Желдеткішінің баламасы жоқ
  • Процессоры мықты
  • Екі қуаттағышы бар

© 2010-2023 "Baribar Media" ЖШС
info@baribar.kz