Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Доллар 447–452 теңгеден саудаланып жатыр

Фото: vedomosti.ru
Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 447–452 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 27 ақпандағы ресми бағамы: 1 долларға — 449,96 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,86 теңге болды.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 448-452 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Алматыда доллар 447,7–449,9 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,77–4,89 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Exit mobile version