Басты бет Push Алматыда 3 балдық жер сілкінісі тіркелді

Алматыда 3 балдық жер сілкінісі тіркелді

Фото: Depositphotos.com
ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 24 ақпанда 04:58-де жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 276 км жерде орналасқан Қытай аумағында.

Алматы қаласында 3 балл деңгейінде сезілген. Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат болған жоқ.

Exit mobile version