Басты бет Жаңалықтар Владимир Божко депутаттар еңбекақысының неге өскенін түсіндірді

Владимир Божко депутаттар еңбекақысының неге өскенін түсіндірді

ҚР Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко журналистерге қазақстандық депутаттардың еңбекақысы неге өсірілгені жайлы пікір білдірді.

«Бұл шешім 4 жыл бұрын қабылданған. Алдымен министрліктер мен ведомстволар болған. 4 жыл өтті, 4 жылдан кейін ғана бізге қосты», — дейді Владимир Божко.

Сондай-ақ, ол мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысы бірдей болу керектігін айтады.

«Барлық саяси қызметкерлер бірдей айлық алуы керек. Барлық депутат саяси қызметкер қатарына кіреді. Сондықтан бұл шешімнің негізі бар деген ойдамын», — деп аяқтады ол сөзін.

Еске сала кетейік, бұған дейін БАҚ-та депутаттардың жалақысы көтерлігені туралы айтылған болатын.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version