Басты бет Жаңалықтар Қазақ қыздары шахматтан Азия чемпионы атанды

Қазақ қыздары шахматтан Азия чемпионы атанды

Ташкент қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы шахматтан ​Әсел Серікбай мен Меруерт Камалиденова Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

«Қызылордалық Әсел Серікбай мен астаналық Меруерт Камалиденова классикалық үлгідегі 12-16 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында өткен Азия Чемпионатында алтын медаль иегері атанды. Сайыстар дәстүрлі классикалық, рапид және блиц үлгісінде өткен. Ал Әселдің жерлесі Назерке Нұрғали 14 жасқа дейінгілер арасындағы бәсекеде алғашқылар қатарынан көрініп, қола медальға қол жеткізді. Айта кетейік, Әсел Серікбай рапид және блиц түріндегі шахмат сайысында да озып шықты. Осылайша, ол Азиядағы өз жасы бойынша категорияда ең үздік шахматшы атанып, үш мүмкіндікті де мүлт жүбермей, үш алтын әкелді. Ал Мерует Камалиденова блиц түріндегі сайыстан қола жеңіп алып, (WFM) ФИДЕ шарты бойынша қыздар арасындағы шебер талабын орындады», — деді ҚР Шахмат федерациясының баспасөз қызметі.

Алдағы уақытта жас шахматшылар биылғы жылдың екінші жарты жылдығында Бразилия мен Уругвайда өтетін Әлем чемпионатына қатысады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version