Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 450-454 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 21 ақпандағы ресми бағамы – 1 долларға 452,94 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,90 теңге болды.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 450-454 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 451,9-454,1 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,86-4,97 аралығында саудаланып жатыр.

