Басты бет Жаңалықтар Бүгін Қазақстанның үш қаласында ауа ластанады

Бүгін Қазақстанның үш қаласында ауа ластанады

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Бүгін Қазақстанның үш қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.

2024 жылғы 12 ақпанда Жезқазғанда, Астана мен Атырауда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Exit mobile version