Басты бет Жаңалықтар Бүгін еліміздің 4 қаласында жайсыз метеожағдай қалыптасады

Бүгін еліміздің 4 қаласында жайсыз метеожағдай қалыптасады

Фото Берік Уәлидің Facebook-парақшасынан алынды
Бүгін еліміздің 4 қаласында жайсыз метеожағдай қалыптасып, ауа ластанады.т Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.

«2024 жылғы 11 ақпанда Ақтөбе, Астана, Ақтау, Алматы қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары қалыптасуы мүмкін»,- делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиыны.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Exit mobile version