Басты бет Жаңалықтар Ақмарал Әлназарованың сенаттағы өкілеті тоқтады

Ақмарал Әлназарованың сенаттағы өкілеті тоқтады

Фото: Сенат
Бүгін сенаттың жалпы отырысында Ақмарал Әлназарованың депутаттық өкілеті тоқтады.

ҚР орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов А. Әлназарованың басқа қызметке ауысуына орай оның депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсынымды жариялады.

Палата отырысында сенаторлар депутаттың өкілеттігін тоқтату жөніндегі қаулы қабылдады.

Еске салайық, мемлекет басшысының жарлығымен Ақмарал Әлназарова Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалды.

Exit mobile version