2 ақпанда Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтеді. Бұл туралы Қазақстан СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Шараға Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан үкімет басшылары мен Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының басшысы қатысады.
Сонымен қатар отырысқа ЕАЭО-дағы бақылаушы елдердің өкілдері, ТМД бас хатшысы және Еуразиялық даму банкінің басшысы шақырылған. Дәстүр бойынша Digital Almaty форумы қатар өтеді.