Бейонсенің Instagram-дағы жарнамалық жазбасы бір миллион доллар тұрады

Бейонсенің Instagram желісінде парақшасында бір өнімді жарнамалау құны бір миллион долларға бағаланды.

©Vogue UA

Бейонсенің жақында Джей Зи екеуінің егіз балалы болатынын жазып салған суреті әнішінің жазбаларының ішінде ең көп Like жинады. Алғашқы тәулікте-ақ оған алты миллион адам «ұнайды» белгісін басқан. Қазір бұл көрсеткіш 11 миллионға жетті. Ал пікірлер саны — 500 мың. Бұны D’Marie Analytics сараптамалық орталығы анықтады.

Әншінің Facebook, Twitter желілеріндегі аккаунттарында 200 миллионға жуық жазылушы бар. Дегенмен, Бейонсе ол жаққа сирек бас сұғады.

«Ол бұрын суреттерін аз жариялайтын, тұрақты бір уақыт белгілемейтін. Бірақ қазір желілерге деген көзқарасын өзгертті. Енді ол халыққа ашыла түсті»,- деді оның ресми өкілі журналистерге берген сұхбатында.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version