Басты бет Жаңалықтар Жүргізуші куәлігінің мерзімі өтсе, емтихан тапсырылмайды — Қанат Мусин

Жүргізуші куәлігінің мерзімі өтсе, емтихан тапсырылмайды — Қанат Мусин

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Жол қозғалысы туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын талқыланды. Депутат Қанат Мусин Қазақстанда жүргізуші куәлігінің мерзімі өткен жағдайда қайта емтихан тапсыру жойылатынын мәлім етті.

Қанат Мусиннің айтуынша, бастапқыда Мәжіліс депутаттары аталған заңға енгізілуі тиісті 120-дан астам түзетуді қарастырған. Нәтижесінде оның 55-і қалып отыр.

«Өйткені, түзетулердің біразын депутаттардың өздері кері қайтарып алды. Жұмыс тобының талқылауы барысында да түзетулердің бірқатары қабылданған жоқ», — деді депутат.

Оның айтуынша, заңда жол жүрісі ережесін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдарды азайту, құжаттарды тексеру барысында көлік жүргізушіге  фото және бейнетүсірілім жасауға рұқсат беру, күндізгі уақытта елді мекендер ішінде жүрген кезде көліктің жақын жарығын қосу міндетін алып тастау, ішкі істер органдарының қызметкерлері тоқтатқан жағдайда  оның рұқсатынсыз жолаушылардың көліктен шығуға тыйымды алып тастау, жүргізуші куәлігінің жарамдылық мерзімі өтіп кеткен жағдайда қайта емтихан тапсыру талабын алып тастау  көзделген.

1 пікір

  1. қолдаймыз өйткені көлік жүргізіп жүрген адам қайтадан эмтихан тапсырудың қажетті не.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version