Басты бет Жаңалықтар Димаш орындаған саундтрек 2 cағатта миллион көрілімге жетті (Видео)

Димаш орындаған саундтрек 2 cағатта миллион көрілімге жетті (Видео)

Димаш Құдайберген қытай киносы «Battle of Memories»( 记忆大师) киносының "Memories That Can't Take Away" (拿不走的记忆) атты саундтрегін орындады.

Қытай тілінде орындалған саундтрек видеосы Sina сайтының Weibo парақшасына жүктелді. Небәрі екі сағатта оны көрушілер саны миллионға жақындады.

Ал әннің аудиосы 5 сәуір күні қытайлық QQ music қосымшасына жарияланған болатын. Алдын ала қысқа таныстырылымының Weibo парақшасындағы көрілімі 6 миллионнан асып кетті. «Battle of Memories» киносы 28 сәуір прокатқа шығады.

Кино сюжеті бойынша, кино 2025 жылы белгілі жазушы Жиаң Фың әйелімен арадағы кикілжіңнен кейін екеуінің 10 жылға созылған тату-тәтті өмірін жаңа технологияны пайдаланып есінен шығарып тастайды. Ал кейіннен әйелінің талабы бойынша  сол сәттерді есіне қайтарғанда, басына қылмыстық істердің оқиғалары оралады.

1 пікір

  1. Димаш туралы жазылған мақалалар мені қызықтырады.Бян Есентаеваны қызықтырмай-ақ қойсын.Ал біз қарапайым қазақ азаматтары мен азаматшалары бауырымыздың өзге елге аты танылып,өзі арқылы қазақ атын шығарып жүргені үшін бас иіп құрмет тұтамыз.бағың жана берсін Димаш.Осы жолыңнан тайма.Тойдан шықпайтын әншілерден үлгі алма.Өз жолыңмен халқыңның мақтанышы бола біл.Бз сені әрдайым қолдаймыз.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version