Басты бет Жаңалықтар Қазақстанның үш қаласында ауа ластанады

Қазақстанның үш қаласында ауа ластанады

©Inform.kz
Бүгін Қазақстанның үш қаласында жайсыз метеорологияық жағдай қалыптасып, ауа ластанады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК синоптиктері хабарлады.

2024 жылғы 4 қаңтарда Астана, Шымкент және Алматы қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Exit mobile version