Басты бетЖаңалықтарАқмолада бір-біріне...

Ақмолада бір-біріне соғылған 15 көліктің апаты тергеліп жатыр

Ақмола облысы аумағында «Астана-Петропавл» тасжолында болған жол апатынан үш адам зардап шекті, полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 2 қаңтарда «Астана—Петропавл» тасжолының 216-шақырымында болған. Бұл туралы сол күні сағат 15.53 шамасында Бурабай аудандық ПБ телефон хабары түскен.

Жол-көлік оқиғасынан жолаушылар — 37 жастағы ер адам, 33 жастағы әйел және 9 жастағы бала түрлі дене жарақатымен Бұланды аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Сонымен бірге Mitsubishi автокөлігінің жүргізушісі Астана қаласының 69 жастағы тұрғыны мен Suzuki Vitara автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісіне қатысты Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, — деді ведомстводан.