Басты бет Жаңалықтар Үкімет 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын мақұлдады

Үкімет 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын мақұлдады

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
Үкімет отырысында Қазақстан аумағында 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы таныстырылды.

Құжат мынандай маңызды шараларға бағытталған:

  • халықаралық стандарттарды орындау және еңбек жағдайының сапасын арттыру;
  • деректер базасын интеграциялау арқылы ұйымдарда еңбекті қорғау саласындағы проактивті мемлекеттік бақылауды күшейту;
  • жұмыс берушілерді экономикалық ынталандыру шараларының тиімділігін арттыру;
  • өндірістегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру моделін енгізіп, жұмыс күшін үнемдеу жүйесін құру.

Үкімет мүшелері тұжырымдаманы мақұлдау туралы қаулы қабылдады.

Exit mobile version