Басты бет Жаңалықтар Қазақстанның үш облысында жол жабық

Қазақстанның үш облысында жол жабық

Фото: БҚО ТЖД
Үш облыста ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың бес учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Бұл туралы “ҚазАвтоЖол” хабарлады. 

Ақмола облысында үш учаскеде жол жабылды:

  • «Астана-Петропавл» автожолында 18-234 км, Астана қ.- Щучинск қ. («КАЖсервис» ЖШС қызмет көрсететін ақылы аумақ) – 216 км.
  • «Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолында 16-200 км, Астана қ.- Павлодар облысының шекарасына дейін – 184 км.
  • «Екатеринбург-Алматы» автожолында 1292-1353 км, Жібек Жолы ақы алу пунктінен – Қарағанды облысының шекарасына дейін – 61 км.

Қарағанды облысында бір учаскеде:

  • «Екатеринбург-Алматы» автожолында 1353-1426 км, Ақмола облысының шекарасынан Теміртау ақы алу пунктіне дейін – 73 км.

Павлодар облысында бір учаске:

  • «Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолында 205-259 км, Ақмола облысының шекарасынан-Шідерті ауылына дейін – 54 км.

Көліктің барлық түріне шектеу енгізілді. Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 621 бірлік техника жұмыс істеп жатыр.

Exit mobile version