Мазмұнға өту
Басты бет / Қоғам /

Доллар 457–461 теңгеден саудаланып жатыр

Фото: Matritca.kz
Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 457–461 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 457,7–460,3 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астанада доллар бағамы 459–461 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 25 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 долларға 459,69 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,01 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,95–5,11 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,95-5,05 теңгеден сатылып жатыр.

Exit mobile version