Басты бет Жаңалықтар Оқушылар қысқы каникул кезінде қанша күн демалады?

Оқушылар қысқы каникул кезінде қанша күн демалады?

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Қазақстандық мектеп оқушылары қысқы каникулда 10 күн демалады.

Екінші тоқсан бейсенбі, 28 желтоқсанда аяқталады. Қысқы демалыс 2023 жылғы 29 желтоқсан, жұмада басталады.

Қысқы каникул кезінде оқушылар барлығы 10 күн демалады: 2023 жылғы 29 желтоқсаннан 2024 жылғы 7 қаңтарды қоса алғанда.

Сонымен қатар бірінші класс оқушылары үшін қосымша демалыстар 2024 жылғы ақпанда болады. Мұндай демалыс күндері жыл сайын беріледі. Биыл олар жеті күнге созылады — 2024 жылғы 5 ақпаннан 11 ақпанға дейін (қоса алғанда).

Көктемгі демалыс (11 күн) 21 наурызда басталып, 2024 жылғы 31 наурызға дейін (қоса алғанда) жалғасады.

Exit mobile version