Жұмыс бабында көп азаматтар өз міндеттерінің шектеліп жатқынына аса мән бере бермейді. Соның ішінде Түркістан қаласының тұрғындары үшін қажетті кеңес есебінде төмендегі жайларды ұсынып отырмыз.
Еңбекті қорғау сапасы, еңбек қауіпсіздігі мәдениетінің жоғары деңгейі қызметкерге, жұмыс берушілерге және барлық деңгейдегі билік органдарына бірдей тиімді. Тек қауіпсіз еңбек қана лайықты жұмыс деп атауға лайық! Сондықтан, еңбекті қорғау еңбек міндеттерін орындау кезінде өндіріс процесінде жұмыс істейтін жұмысшылардың еңбекке қабілеттілігі мен өмірін сақтауды қамтамасыз ету үшін барлық қажетті әрекеттерді жасау міндет.
Қауіпсіз еңбек жағдайлары – адамның негізгі құқықтарының бірі және «лайықты еңбек» ұғымының ажырамас бөлігі. Халықаралық еңбек ұйымы еңбекті қорғауды, еңбек стандарттарын, әлеуметтік диалогты, қызметкерлердің осал санаттарын әлеуметтік қорғауды дамыта отырып, лайықты еңбек қағидаттарын қалыптастырады. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын орындамау кәсіпорындардың экономикалық әл-ауқатына нұқсан келтіреді, оның тұрақты даму стратегиясына және жалпы алғанда ел экономикасына кері әсер етеді.
Еңбек кодексінің 82-бабының 2-тармағына сәйкес, жұмыс беруші кәсіптік тәуекелді бағалауды және профилактика жүргізу, өндірістік жабдықтар мен технологиялық процестерді неғұрлым қауіпсіз жабдықтарға ауыстыру жолымен оны барынша азайту және алып тастау жөнінде шаралар қабылдауға міндетті. Соған байланысты Түркістан қаласының аумағындағы азаматтар арасында кездесетін бірқатар мәселелердің орын алуына жол бермес үшін оқырман назарына ұсынамыз.
Осы норманы іске асырудағы жұмыс беруші әрекеттерінің дәйекті алгоритмі мынандай: біріншіден, кәсіптік тәуекелдерді сәйкестендіру және бағалау. Екіншіден, технология мен жабдықтың қауіптілігі төмен және зиянды нұсқаларын таңдау арқылы кәсіптік тәуекелді төмендету немесе жою бойынша түзету шараларын жүргізу. Сондай-ақ, бұл жұмыс берушінің мүдделері (сақтандыру тарифін төмендетуге мүдделі), қызметкердің мүдделері (еңбекке қабілеттілікті сақтауға мүдделі), сақтандыру ұйымының мүдделері (сақтандыру төлемдерін төмендету) арасындағы өзара байланысты күшейтуге әкеледі.
Түркістан қаласының аумағында «Қауіпсіз қала» жобасын іске асыру барысында бейнекамералардың атқаратын қызметі зор. Бүгінгі таңда шаһарда сегіз жүзден астам бейнекамераның көмегімен қылмысты ашудан бұрын, оның алдын алу шаралары сәтті жүзеге асырылып келеді десек болады. Бұл құрылғылар жедел жағдайды жақсартып қана қоймай, полиция қызметкерлерінің жұмыс сапасын нығайтты деп толықтай сеніммен айтуға негіз бар.
Енді бір дүние полиция теңгерімінде 600-ден астам бірлік көлік құралы бар. Қамтамасыз етілуі 59,24 пайыз. ҚР Ішкі істер министрлігімен бекітілген 2022 жылғы штаттық нормаға сәйкес, көлік құралдарының 415 бірлігі жетіспейді. 2022 жылы «Аманат» партиясының «Өзгерістер жолы: Әркімге лайықты өмір!» жол картасы бойынша 22 бірлік «Chevrolet Nexia» маркалы жаңа автокөліктер сатып алынды. Көліктерге бояу, рәсімдеу, балансқа алу жұмыстары жүргізіліп, учаскелік полиция инспекторларына бекітілуде. Сонымен қатар, жұмысты жоғары деңгейде атқарып, халыққа сапалы қызмет көрсету үшін соңғы үлгідегі компьютерлік құрал-жабдықтар, планшеттер, бейнежетондарды жаңартып отыру жұмыстары да атқарылуда.
Сонымен бірге Түркістан облысының барлық аумағында орнатылған жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары тәртіп сақшыларына қылмыстарды ашуға және түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алуға көмектеседі. Бүгінгі күні қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында Түркістан облысында 1333 бейнебақылау камералары орнатылған. Оның 952-сі жедел басқару орталығына қосылған. Ал, Түркістан қаласында 836 бейнебақылау камералары бар. Оның 500-ден астамы «Сергек» камералары.
Атаулы бейнебақылау камералары жедел жағдайды жақсартып қана қоймай, ішкі істер органдары қызметкерлерінің тәртібін, заңдылығын және жұмыс сапасын нығайтты деп толықтай атап айта кеткен жөн. Бұл өз кезегінде полиция қызметкерлерінің тікелей қатысуынсыз да қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және жол қозғалысы ережелерін сақтауға өз септігін тигізуде.
Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру еңбек жағдайларын жақсартудағы және әлеуетін толық пайдаланудағы экономикалық құрал болып табылады. Сақтандыру ұйымдары кез келген кәсіпорынның әр мамандығы үшін кәсіптік тәуекелдің индикаторын анықтауы керек. Осылайша, сақтандырудың сараланған тарифін белгілеу жұмыс берушілердің еңбек жағдайларын жақсартуға ынталандыруға оң әсер ете алады.

