Алматының үш шағынауданында орналасқан мейрамхана, монша мен клубтар газдан уақытша ажыратылады.
Бұл туралы «Тәуекел – Т» ЖШС компаниясы хабарлады.
Қарғалы, Қарағайлы және Райымбек шағынаудандарын газбен қамтуға қатысты қызмет көрсететін «Тәуекел-Т» ЖШС ауа райының күрт суытуы мен абоненттердің газды көп алуы себебінен соңғы нүктелердегі газ құбырлары желілерінде газ қысымының төмендегенін хабарлайды. Қазіргі уақытта газ тарату пункттері арқылы газбен қамту жүйесін қалпына келтіру бойынша қажет кешенді іс-шаралар жасалып жатыр, — делінген хабарламада.
Газ шаруашылығының апаттық-диспетчерлік қызметі күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды.
Қазіргі уақытта уақытша іс-шара ретінде кәсіпкерлік нысандарын (монша кешендері, мейрамханалар, бильярд клубтары және тағы басқа) қысқа мерзімді сөндіру және әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй-жайларды газбен қамтамасыз етуді басымдықпен жүзеге асыру жұмыстары жүріп жатыр, — делінген хабарамада.
«Тәуекел-Т» ЖШС-ның анықтама мен апаттық өтінімдеріне арналған телефон нөмірлері: 308 11 04 (Кемертоған), 304-73-23 (Бұлақты), 297 07 47 (Таусамалы).