Басты бет Жаңалықтар Алматыда жастардан жалға берілетін тұрғын үйге өтініш қабылдау басталады

Алматыда жастардан жалға берілетін тұрғын үйге өтініш қабылдау басталады

Фото: Talgargazeti.kz
11-15 желтоқсан аралығында Алматының жұмыс істейтін, 35 жасқа дейінгі жастарынан сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге өтініш қабылданады.

Өтініш пен құжаттарды Алматының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасына www.kezekte.kz сайты арқылы тапсыру керек.

Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй үш жыл мерзімге беріледі. Наурызбай ауданында жалпы саны 2 100 пәтер үлестіріледі.

Бағдарламаға қатысуға қойылатын негізгі талаптар:

  • 35 жасқа толмаған, жалпы білім беретін мектептердің және (немесе) техникалық және кәсіптік және (немесе) орта және (немесе) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру оқу бағдарламаларын меңгерген және еңбек қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары;
  • Алматыда тұрғылықты жері бойынша үш жылдан кем емес тұрақты тіркеуді растау (осы қалада тұрғын үй сатып алуға үміткерлер үшін);
  • Алматыда 14 жастан асқан өтініш берушінің отбасы мүшелерінің (жұбайы және болған жағдайда балалары) тұрақты тіркелуі;
  • өтініш берушінің, жұбайының (зайыбының), кәмелетке толмаған балаларының өтініш берудің алдындағы бес жыл ішінде меншік құқығында, жалдау құқығымен немесе сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйдің жоқтығын растау (жергілікті атқарушы органның тиісті анықтамасымен расталатын апатты жағдайдағы, құлау қаупі бар тұрғын үйлерді қоспағанда);
  • кейінгі алты айда кемінде 40 айлық есептік көрсеткіш (2023 жылға – 138 мың теңге) мөлшерінен кем емес ай сайынғы табыстың болуы;
  • банктік жинақ шотында 40 айлық есептік көрсеткіш (2023 жылға – 138 мың теңге) мөлшерінен кем емес қалдық болуы.

Қатысушыларды іріктеу балдық жүйе негізінде (ең көп балл саны бойынша) жүргізіледі. Балл беру критерийлері, сонымен қатар қажет құжаттар тізімі жоғарыда көрсетілген сайтта орналастырылған.

Өтініш пен құжаттарды тапсырғаннан кейін бағдарламаға қатысушылар жоғарыда көрсетілген сайттағы жеке кабинеті арқылы берілген өтініштің нәтижесін дербес бақылайды.

Анықтама телефондары: +7(727)2251452, +7(727)2251437.

Exit mobile version