Басты бет Жаңалықтар Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
4 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК синоптиктері хабарлады.

Синоптиктердің мәліметінше, республиканың басым бөлігіне циклон және атмосфералық фронттар ықпал етеді. Соның әсерінен жаңбыр, қар жауып, елдің солтүстігі мен шығысында көктайғақ, бұрқасын болады.

Тек республиканың оңтүстік-батысында және оңтүстігінде антициклонның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Еліміз бойынша, тұман түсіп, жел күшейеді.

Exit mobile version