Басты бет Жаңалықтар Күздің соңғы күні ауа райы қандай болады?

Күздің соңғы күні ауа райы қандай болады?

Фото: Fluentu.com
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 30 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Бүгін Қазақстанның басым бөлігі циклон ықпалында болады.  Осыған байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын, яғни жаңбыр мен қар жауады.

Еліміздің солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын болады.  Тек еліміздің оңтүстік-батысында жауын-шашын жоқ, күн ашық.

Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, көктайғақ, еліміздің солтүстігінде бұрқасын болады.

Exit mobile version