“Қазгидромет” РМК синоптиктері 2023 жылғы 30 қараша мен 2 желтоқсан аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, жақын күндері Қазақстанның барлық өңірінде қар мен жаңбыр күтіледі. Солтүстік-батыс және оңтүстік-шығыстағы өңірлерде қатты жауын-шашын түсуі мүмкін. Тек оңтүстік-батыста, 1-2 желтоқсанда елдің оңтүстігінде күн ашық болады.
Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ, бұрқасын мен жел болжанады. Ауа температурасында күрт өзгерістер болмайды.