Басты бет Жаңалықтар Министр қызылша өршіген өңірлерді атады

Министр қызылша өршіген өңірлерді атады

Фото: Sputnik Казахстан
Елімізде қызылша ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді.

Елімізде қызылшамен сырқаттанудың өсуі байқалды. Бүгінгі таңда қызылша ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз. Республикада қызылшаның 17 мыңнан астам жағдайы тіркелген, 82%-тен астамы балаларға тиесілі. Оның ішінде, 83%-і – екпе алмаған балалар. Бұл ретте, балалардың 60%-і бас тартуға байланысты, қалған балалар егу жасына жетпеуіне байланысты және медициналық көрсетілімдер бойынша вакцинация алмаған. Қызылша ауруы барлық өңірде тіркелді, — деді министр орталық коммуникациялар қызметіндегі брифиңде.

Оның айтуынша, қызылша Шымкент, Алматы қалаларында, Жамбыл, Алматы, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Атырау облыстарында өршіп тұр.

Сырқаттанушылықтың күрт өсуі биыл қыркүйектен бастап ұйымдасқан ұжымдарда, яғни оқу жылында балалардың жиналуына байланысты байқалады. Нәтижесінде сырқаттанушылық деңгейі екі есе өсті. Бүгінгі таңда елімізде қызылшамен ауырған науқастар үшін инфекциялық ауруханаларда 3,5 мыңнан астам төсек-орын ашылды. Стационарлық емделуде 2 375 бала жатыр. Төсек-орынмен қамту 59,5% болды. Резервте 1 мыңнан астам орын бар, — деді Ажар Ғиният.

Exit mobile version