Басты бет Жаңалықтар Президент Того Республикасының басшысын Ақордада қарсы алды

Президент Того Республикасының басшысын Ақордада қарсы алды

Фото: Ақорда
«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Того Республикасының президенті Фор Эссозимна Гнассингбені салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Фор Эссозимна Гнассингбе бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды.

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 27-28 қарашада Того Республикасының президенті Фор Эссозимна Гнассингбе Қазақстанға ресми сапармен келетінін жазған болатынбыз. 

Exit mobile version