Алматыда қала маңына қатынайтын тағы бір бағыт ашылды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қала маңына қатынайтын жаңа №235 бағыт «Сәлем» базары мен Іле ауданындағы Исаев кенті арасында жүреді.
ISUZU Н-40 маркалы шағын сыйымдылықтағы 10 автобус жолаушылар тасымалына шықты. Қозғалыс аралығы – 12 минут, — делінген хабарламада.