Басты бет Жаңалықтар Алматыда тағы бір автобус бағыты ашылды

Алматыда тағы бір автобус бағыты ашылды

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Алматыда қала маңына қатынайтын тағы бір бағыт ашылды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қала маңына қатынайтын жаңа №235 бағыт «Сәлем» базары мен Іле ауданындағы Исаев кенті арасында жүреді.

ISUZU Н-40 маркалы шағын сыйымдылықтағы 10 автобус жолаушылар тасымалына шықты. Қозғалыс аралығы – 12 минут, — делінген хабарламада.

Exit mobile version