Басты бет Жаңалықтар «Медеудің» жаңа маусымы 15 қарашада ашылады

«Медеудің» жаңа маусымы 15 қарашада ашылады

Фото: Айгүл Хожантаева
«Медеу» мұз айдынында жаңа маусымның ашылуы 15 қарашада өтеді. Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады. 

Алматы тұрғындары мен қонақтары үшін “Медеу” мұз айдынында жаппай сырғанау 15 қарашада сағат 10.00-ден бастап қолжетімді, ал маусымның салтанатты ашылу рәсімі сағат 13.30-да өтеді. Мұз айдынының ашылу бағдарламасында коньки тебушілердің мұздағы перфоманстары, жүлделер ұтыс ойыны, флэшмоб, артистердің қойылымдары, сонымен қатар кешеннің ең белсенді қонақтарына арналған сыйлықтар бар, — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта нысанда дайындық жұмыстары аяқталды, мұз жасау процесі белсенді жүргізіліп жатыр.

Exit mobile version