Басты бет Жаңалықтар Алматы полициясы терезеден оқ атқан адамды іздеп жатыр

Алматы полициясы терезеден оқ атқан адамды іздеп жатыр

Фото: Reuters.com
Алматыда белгісіз ер адам көпқабатты үйдің терезесінен оқ атты. Бұл туралы полиция департаменті хабарлады.

Тапаншаны оқтап, далаға қарай оқ атқан ер адамның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Қалалық полицияның мәліметінше, аталған дерек бойынша жергілікті полиция қызметі тексеру жүргізіп жатыр.

Оқиғаға қатысы бар адам міндетті түрде анықталып, Қазақстан заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады, — делінген хабарламада.

Exit mobile version