Басты бет Жаңалықтар Газа секторында Қазақстан азаматы мен оның қызы қаза болды

Газа секторында Қазақстан азаматы мен оның қызы қаза болды

Фото: AFP 2023 / Mohammed Abed
Газа секторында Қазақстан азаматы мен оның қызы қаза болды. Бұл туралы сыртқы істер министрлігі хабарлады. 

Министрліктің мәліметінше, қаза болған қазақстандық Юлия Әбу-Меалақ Палестина аумағында ұзақ уақыттан бері күйеуімен (Палестина азаматы) бірге тұрған. Оның 23 жастағы қызы — Палестина азаматы.

Бұған дейін сыртқы істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияров кейінгі аптада Газа секторында 64 қазақстандық барын айтқан еді.

Газа секторының денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 7 қазаннан бері 4 651 адам қаза болып, 14 245 адам жараланған.

Exit mobile version