Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда 7-9...

Қазақстанда 7-9 қазан күндері ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 7-9 қазан аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады.

Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде синоптикалық жағдайға фронттар ықпал етеді.  Соның салдарынан найзағай жарқылдап, екпінді жел тұрады, жаңбыр жауады, Қазақстанның батысында бұршақ жаууы мүмкін.

Елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда түнгі уақытта жаңбыр мен дымқыл қар жауады.

Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болады.

Елдің көптеген аймақта ауа температурасы түнде 2-12 градус жылы, 7 қазанда солтүстікте жекелеген аудандарда 1 градусқа дейін үсік сақталады.

Күндіз елдің солтүстік жартысында 10-20, оңтүстік жартысында – 15-27 градус жылы болады.