Басты бет Жаңалықтар Елімізде 1 қазанда ауа райы қандай болады?

Елімізде 1 қазанда ауа райы қандай болады?

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
«Қазгидромет» РМК 1 қазанда ауа райы қандай болатынын айтты.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның шығысында, оңтүстік-шығысы мен орталық аймақтарында жаңбыр жауады, ал республикамыздың қалған бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болуы мүмкін.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында жаңбыр, қар болуы мүмкін.  Республикамыз бойынша тұман түсіп, оңтүстік-шығыс, күндіз орталық өңірде екпінді жел тұрады деп күтіледі. Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысының ауа температурасы 1 градусқа дейін суық болуы мүмкін,- делінген хабарламада.

Exit mobile version